Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет68/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
135
топоним икалы қ атауларды ақын ағамыз Сәкен 
айтқандай белгілі бір себептерге байланысты, не 
тарихи оқиғаларға орай бір рет дүниеге әкеледі 
де, оны ұрпағына мәңгілік ескерткіш ретінде қал- 
дырады. Ол атаулар ұрпақ ауысып, жаңа буын 
жас қауым өмірге келгенде, дәстүрлі жалғастық 
тауып, халықтың тарихи жадында таспен қашап 
жазғандай мәңгі өмір сүре береді. Ал осы мәңгілік 
топонимикалық қастерлі атау бұзылса, оған төлем 
жоқ, ол қайта айналып келмейді, жоғалады. Осыған 
байланысты венгрлер тәрізді, бір себептермен 
езгеріп кеткен көне заман төрінен келе жатқан 
географиялық жер атаулары енді мүлде жоғалып 
кетпес үшін арнаулы «қызыл кітап» ашып, із-түзсіз 
өшуге айналған ұлттық топонимикалық атаулар- 
ды соған тіркеп, тарихын да қоса жазып отыратын 
кезеңге біз де жетіп қалыппыз. Осы тағылымды 
дәстүрлі іске асыруға іждағатты ғылыми даярлық 
қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акаде- 
миясы Қазақстандағы топоним икалы қ атаулар- 
ды әділеттілікпен қалпына келтіру үшін арнайы 
комиссия құрып, бірқатар топонимикалық атаулар- 
ды байырғы қалпына келтірді, көптеген орынсыз 
өзгерістердің күшін жойды. Әрине, бұл арада тари- 
хи ес секілді санадағы аса нәзік те күрделі мәселені 
тізеге салып, пайызға салу тұрғысынан шешуге 
болмайтынын ерекше ескерген жен. Өйткені мың 
есе сақтықпен қаралатын ұлттық мәселеге, яғни 
соның бір саласы топонимикалық атауларға пайыз 
қуушылықты қолдану, тіпті де болмайды.


136
Жер қалай орыстандырылды?
Ендігі жерде топонимикалық атауларды аса зәру 
қажеттілік туған жағдайда болмаса, жаппай сыпы- 
ра өзгеріске үшыратуды тоқтату қажет, яғни бұл 
мәселені реттеуге тарихи танымы терең, өз ісіне 
жетік, азаматтық, интеллектуалдық дәрежесі биік 
жауапты кісілерден құралған арнайы комиссия ғана 
өкілетті болуға тиіс. ¥лан-байтақ өлкеміздің тарихи 
телқұжаты болып қалыптасқан топонимикалық атау- 
лар халықпен бірге жасасуы керек.
«Кім ойлап, кім атаған мұның бәрін,
Әрине, ол періште емес, осы халық», -
деп ақын тілімен айтылған осы бір аталы пікірде 
тарихтың жасаушысы әрі оның шын қожасы - халық 
деген терең мағыналы шындық пен таным жатқан 
жоқ па?
Ж оғарыда баяндалып айтылған ой-пікірлерді 
жинақтай келіп тұжырымдағанда шығатын кейбір 
ой-түрткі ұсыныс-пікірлерді көпш ілікталқы сына салу- 
ды қажет деп білемін. Олар:
1. 
Бүкіл ТМД елдеріндегі сияқты біздің қазақ 
жеріндегі отаршылдық, тоталитарлық рухтағы елді 
мекен, жер атаулары да сөзсіз өзгертіледі. Өйткені 
бұл - уақыт, заман талабы. Бұл іспеттес топони- 
микалық өзгерістер Венгрияда, Болгарияда, Поль- 
шада әлдеқашан болып өтті. Тіпті, ең артта қалды 
деген аф рикалы қ мемлекеттер де өз жеріндегі 
отаршылдық рухтағы елді мекен, жер атауларынан 
әлдеқашан-ақ құлан таза құтылып, бастапқы тарихи 
атауларын қалпына келтірді.
2. 
Біздің елімізде бұл үдеріс қатқан мұздың сеңі 
тұңғыш рет бұзылғандай енді ғана қозғалысқа түсе 
бастады. Бұл салада біздің қоғамдық пікірімізге де




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет