Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет69/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қозғалыс түсіп, өз әрекетін жасауда. Халық еркінен 
тыс, заңсыз жолмен, яғни зорлық-зомбылықпен 
қойылған отаршылдық, тоталитарлық топонимдерді 
өзгертуге ұмтылуда. Бірақ осы пәрменді әрекет 
үстінде аса бір елеулі езекті ата дәстүрімізді ұмытып 
(әрине «жетіскендіктен» ұмытып отырған жоқпыз), 
аса ірі елді мекен, жер атауларын, яғни аудан, 
қала, облыс аттарына жергілікті қайраткерлер мен 
өнер иелерінің есімдерін қоюға ұмтылудамыз. Бұны, 
әрине, ащы да болса айту керек, біздіңғасырлар бойы 
қалыптасқан тарихи ата дәстүрімізден қол үзген, 
халықтық тарихи есінен айырылған қалпымызды 
танытады. Әлі де кеш болмай тұрғанда есімізді 
жиып, мұндай теріс қылықтан тыйылуымыз керек. 
Өйткені кене тарихымызда, тіпті, революцияға дейін 
ірі жер атаулары жеке кісі атымен аталған емес. Ал 
жеке кісі атымен аталған жерлердің бәрі де микро- 
топонимдерге жатады. Міне, осы ата дәстүрімізді 
мықтап ұстанған күнде ғана халықтың тарихи есінің 
бір көрінісі болған, бірақ жаппай өзгеріске түскен 
елді мекен, жер атауларын бастапқы халықтық топо- 
нимика қалпына түсіре алмақпыз.
3. 
Ал микротопонимдерге, яғни көше, мектеп, 
ұжымшар, кеңшар т.б. жеке кісі аттарын қойған 
кезде, не өзгерткен уақытта ол адамның сол жерге 
тікелей қатысы, не сіңірген тарихи еңбегі болса 
ғана беру шешуші межеге айналуы керек. Мысалы, 
Ленинградтағы Жамбыл көшесін қала тұрғындары 
бұрынғы атына түсіріп өзгертіп отыр. Бұл көшеге 
Ж амбылдың тікелей қатысы жоқ деп өзгертуіне 
ренжудің қажеті жоқ, қайта содан үлгі алмағымыз 
керек сияқты.


138
Жер қалай орыстандырылды?
4. 
Енді бір ойланып пікір алысатын нәрсе -
микротопонимдерге кісі аттарын қойғанда не олар- 
ды өзгерткен кезде оған кісінің фамилиясы, әкесінің 
аты, өзінің аты түтас алынбай, тек қана атымен ғана 
аталған жөн тәрізді. Бұл халқымыздың дәстүріне 
де сай келеді. Мысалы Бауыржан Момышүлының 
көшесі, не Мұхтар Әуезов кеңшары деп атау әбестік. 
Өйткені қазақ елі ғасырлар бойы ақынды, батырды, 
қолбасшыны әкесінің атымен атамайды, керісінше 
сол кісінің өз атымен ғана атайды. Тіпті, осы 
дәстүрдің жалғастық тауып келе жатқанын абайтану, 
жамбылтану, сәкентану деген ғылым саласындағы 
жеке пән атауларынан да көре аламыз. Егер олар- 
ды Құнанбаевты тану, не Жабаевты тану десек, 
жабайылық танытқандай сезілер еді.
5. 
Елді мекен, жер атауларына қойылып келген 
отаршылдық, тоталитарлық рухтағы топонимдерді 
бастапқы қалпына, яғни халықтық топонимикаға 
ауыстыру жолында құйтырқы саяси айла амал- 
дар да бой көрсетіп жүр. Оларды батыл өзгертуге 
«заңды» сияқты болып керінетін қарсылықтар да 
туып отыр. Яғни о баста заңсыз жолмен, яғни 
зорлық-зомбылықпен, халықтың еркінен тыс, күшпен 
тізеге басып қойылған отаршылдық, тоталитарлық 
топонимдерді енді келіп референдуммен, халық- 
тың пайыздық санымен шешу керек дейтін заңсыз 
талаптар 
пайда 
болуда. 
Мысалы, 
Голощекин 
атындағы станцияны дауысқа салып, бұрынғы 
халықтық тарихи атын бермей, оны «Зауралья» деп 
атау немесе тарихи қалыптасқан Ақмола атауын 
қайтару жолында «Сенеді мал басының молдығына» 
дегендей жат мінез танытқандарды да көрдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет