Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет72/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Сана қалай орыстандырылды?
мақсат қоя келгенде, алдымен, жергілікті халықтың 
тілі мен дініне, діліне, яғни рухани қазына көздеріне 
сүғын қадап, әсіресе, дәстүрлік жалғастықты ұштас- 
тырып отырған басты құралы - жазу таңбасын жою- 
ға ерекше мән берген. Өйткені халықтың тарихи 
жадын өшіріп, мәңгілік рухани құлдық тұтқынында 
ұстау үшін, алдымен, өткені мен бүгінін жалғасты- 
рушы қан тамырларын қиюға күш салуы жайдан жай 
құбылыс болмаса керек-ті.
Еуропалықтар, соңыра Ресей империясы да 
халқымызды тағы, тіпті жартылай жабайы, тари- 
хи, мәдени рухани мұрадан мақрұм қалғандар 
қатарына жатқызып, өздері ұстанған евроцентристік 
дүниетаным тұрғысынан бағалап, сол арқылы таба- 
лап келген еді. Табалаудың белгісі - отарланған 
халықтарды еврейлердің «гөйимдер», арабтар- 
да «ажамдар», еуропалықтар мен қытайлықтар 
«ж абайы лар» 
деп 
кем сітіп 
атаулары 
осы 
астамшылдықтың айғағы. Өздерінің саяси мүддесі 
тұрғысынан идеологиялық қақпанға түсіріп, халық- 
тың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи жадын 
жою арқылы оларды рухани құлдық шеңберінде 
ұстап, 
ш еңгелінен 
ш ы ғармаудың бар амалын 
қолданып баққан. Бұған, мысал ретінде VIII ғасыр 
ішіндегі ислам дінін таратушы араб халифатының 
отарш ылдық бағыттағы шабуылы мен ұстанған 
идеологиялық қатаң саясаты арқылы мәдени, руха- 
ни, идеологиялық зорлық-зомбылығын, Орталық 
Азия мен Қазақстанға, ІІІығыс Түркістанға жасаған 
басқынш ылығын еске алсақ та, мәселенің түп 
төркінін анығырақ әрі тереңірек тани түсеміз.
Араб халифаты 634-710 жылдар арасында, яғни


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
145
70-80 жылдың ішінде Сирияны, Иранды, Ауғанды, 
Иерусалимді, Орта Азияны, Византия, Армения, 
Египет пен Еуропаның батысын тұтас жаулап алып, 
оларға бірден ислам діні мен араб тіліннің үстемдігін 
орнатуға кірісті. 705-715 жылдар аралығында Тұран 
өлкесін, 707 жылы Самархандты, 713-715 жыл- 
дары Бұхараны, Шаш пен Ферғананы, Қашқарды 
түгелімен араб әскерінің бас қолбасшысы Кутай- 
ба ибн-Муслимнің (660-715) басшылығымен талан- 
таражға түсіріп, қарсыласқан халықты қырып- 
жойып, үстемдігін орнатты. Тұран өлкесіне (араб- 
тар Тұран атауын Түркістан атауына алмастырды) 
жасаған қанды жорығында олар бірден-ақ жергілікті 
халықтардың рухани болмысын түбірімен өзгертуді, 
яғни ол халықтардың тарихи жадын мүлде жойып 
жіберіп, оның орнына ислам идеологиясын енгізуді 
көздеді. Сондықтан да жергілікті халықтың тілін, 
дінін, ділін, жалпы дүниетанымын, ұлттық салт- 
дәстүрін тарих сахнасынан түсіру үшін ойма жазу 
таңбаларын істен шығарып, оны араб жазуы таңба- 
сымен алмастыру саясатын кешенді тұрғыдан жүр- 
гізу саясатын ұстанды.
Кутайба ұлы дала тұрғындарының ұлы жетістігі, 
яғни атамұрасы болған қолданыстағы ойма жазуын 
өмірден жойып жіберуді ғана мақсат тұтпай, оның 
көп қырлы рухани көздерін де тұтас жоқ қылып 
жіберуге тікелей кірісті. Осы себепті де Кутайба 
рухани мәдениеттің бесігіне айналған қала атау- 
лыны қиратып, халықтық әдет-ғұрып, салт-сананы 
мұсылмандық салтпен алмастыру, араб тілінің 
қоғамдық қызметін үстем етіп, жергілікті тілді көзге 
ілмеу, елді мекен, жер атауларын, тіпті, халық аты


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет