148
Сана қалай орыстандырылды?
си-әлеуметтік астары болса керек. Өйткені ғүндар
мен түрік қағанаты егеменді ел, өз тізгіні өзіндегі мем-
лекет болғандықтан, қытай империясының идеоло-
гиялық саяси айла-шарғысына,
құрған қанды қол
қақпанына түспей келді. Олардың қулығына құрық
бойламайтын айлакер саясатын үнемі сыртқа теуіп,
салт-сана, әдет-ғұрпымызды, рухани қайталанбас
болмысымызды
таза сақтап, идеологиялық қаты-
наста оқшаулану саясатын ұстануында көп қабатты
сырлар жатыр.
Осы қанды тарихи оқиғалардан мол хабардар
болған зерек ойлы ақын 3. Рүстемовтің:
Арабтар келгенімен тек келмеді,
Бас болды ат артына бөктергені.
Сынтастың жазуларын
қырып тастап,
Тарихқа қиянат қып өктемдеді...
Кешегі ойма жазу орынына
Ж ыландай иреңдеген әріп мінді, -
деп
(«Қаратауды ң
басынан».
Алматы,
1986,
143-144-беттер), түрік халықтары жазуына тарихи
қиянаттың басы арабтардан келгенін,
олардың тіп-
тен қабырстандағы, сынтастардағы ойма жазумен
жазылған таңбаларды іздеп тауып, бірін қалдыр-
май
тарих бетінен өшіріп, екі жарым мың жылдан
астам уақыт бойы халыққа қызмет етіп келе жатқан
ойма жазуын жойып жіберіп, оның орнына араб
жазуын енгізгенін өлең тілімен
ашып беруінде елеулі
мәнді сыр жатыр. Ойы керең, көкірек көзі соқыр,
өткенін ұмытқан шерменде ұрпаққа шырылдаған
шындықтың үнін жеткізеді. Онда да араб тілін,
оның сөйлеу қалпын
сақтау мақсатымен араб әріп
таңбасының 28 қарпін сол қалпында өзгеріссіз