Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет75/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
енгізіп жіберуінде екінің бірі сезіне бермейтін саяси 
астары бар ете нәзік құпия сыр жатыр. Сондай-ақ 
жергілікті тілдің сөйлеу ерекшелігін, ұлттық бол- 
мысын білдіретін дыбыстырдың таңбасын бермеу 
үшін істелген сұмдық нәзік айланың ізін кирил- 
лица жазу таңбасы жайлы пікірімізде де еске алып 
айтып өтпекпіз. Өйткені араб пен орыс жазу таңба- 
сын бізге зорлықпен енгізуші отаршыл күштердің 
айла-тәсілі мың жылдан астам уақыт өтсе де, бірін- 
бірі айны қатесіз қайталап, жетілдіріліп отыруы 
таңғалдырады.
Ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, көне хорезм жаз- 
уын саналы түрде тарих сахнасынан сырғытқан 
араб басқынш ылары енді ислам діні мен араб 
жазуының таралуына кеңінен жол ашты. Жергілікті 
діни дүниетанымды, тіл мен әдет-ғұрыпты, салт- 
сананы істен шығару, қуғындап тоздыру ісін жедел 
қолға алып, идеологиялық күресті қатты қарқынмен 
жүргізді. Жергілікті дүниетаным салаларының орны- 
на ислам дүниетанымын, араб тілін, мұсылмандық 
әдет-ғұрыптар мен салт-сананы енгізіп, орнықтыру 
жолындағы әрекеттерінің ізі бүгінге дейін сақталып 
келеді.
XIII ғасырдың басында дәл осындай басқыншы- 
лық жорығын жасаған монғолдар тілге, дінге, салт- 
санаға өз іздерін қалдыра алмады. Қалдырса да ол 
мүлде әлсіз болуы себепті бізге жетпеген тәрізді. 
Монғол 
ш апқы нш ы лы ғы ның екпіні 
арабтардан 
мүлде күшті әрі кең өрісті болып келсе де, олар 
халықтың тарихи жадын жою тәрізді идеологиялық 
мақсат қоймай, тек саяси мақсатпен шектел- 
ген. Өйткені орыс халқын үш жүз жыл билесе де,


150
Сана қалай орыстандырылды?
монғолдар олардың рухани дүниетанымына қол 
сұқпай, тілін де, дінін де, жазуын да өз қалпында 
қалдырған. Ал арабтардың өздері жаулап алған 
елдердің, алдымен діні мен тіліне, дүниетанымы 
мен әдет-ғұрпына тікелей тиісіп, түбірімен өзгертуге 
бар күшін салудағы кездеген саяси-идеологиялық 
мақсатының сыры неде жатыр деген сұрақ туады. 
Шынын неге бұлай болған?
Бұлай болудың мән-мағынасы - отарланған ха- 
лықтарды ұзақ уақыт қолдан шығармай шідерлеп 
ұстаудың кілті қара күште емес екенін түсініп, 
олардың санасын жаулап табындыру арқылы руха- 
ни құлдықта ұстау үшін, олардың азаматтық сезімі 
мен ұлттық санасы ның оянуына жол бермейтін 
сенімді кедергі қоюдың жолы - олардың сан ғасыр- 
лар бойы қалыптасқан тарихи халықтық санасын 
жоюды көздеуінде жатыр. Осы себепті ұрпақтан 
ұрпаққа ауысып, жалғастық таба берер халықтың 
тарихи жадын үзудің, оны қайта оралмастай кел- 
меске кетірудің шешуші буыны, адастырмас кілті -
сол халықтың ғасырлар бойы пайдаланып келген 
ұлттық жазу таңбаларын жойып жіберуден бастала- 
ды екен.
Араб басқынш ылары Тұран өлкесін отарлап 
алысымен-ақ өз мәдениеті мен дүниетанымынның 
езегі болған ислам дінін, араб тілі мен жазуын 
күштеп енгізуге барған. ¥рпақ пен ұрпақты руха- 
ни танымы жағынан тікелей ұштастырудың шешуші 
құралы болған ойма жазуын араб жазу таңбасымен 
алмастыруда алысты көздеген саяси-идеологиялық 
мақсаты жатыр. Яғни жергілікті халықтың ғасырлар 
бойы пайдаланып келген сіңісті әрі дәстүрлі жазу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет