150
Сана қалай орыстандырылды?
монғолдар олардың рухани дүниетанымына қол
сұқпай, тілін де, дінін де, жазуын да өз қалпында
қалдырған. Ал арабтардың өздері жаулап алған
елдердің, алдымен діні мен тіліне, дүниетанымы
мен әдет-ғұрпына тікелей тиісіп, түбірімен
өзгертуге
бар күшін салудағы кездеген саяси-идеологиялық
мақсатының сыры неде жатыр деген сұрақ туады.
Шынын неге бұлай болған?
Бұлай болудың мән-мағынасы - отарланған ха-
лықтарды ұзақ уақыт қолдан шығармай шідерлеп
ұстаудың кілті қара күште емес екенін түсініп,
олардың санасын жаулап табындыру арқылы руха-
ни құлдықта ұстау үшін, олардың азаматтық сезімі
мен ұлттық санасы ның оянуына жол бермейтін
сенімді кедергі қоюдың
жолы - олардың сан ғасыр-
лар бойы қалыптасқан тарихи халықтық санасын
жоюды көздеуінде жатыр. Осы себепті ұрпақтан
ұрпаққа ауысып, жалғастық таба берер халықтың
тарихи жадын үзудің, оны қайта оралмастай кел-
меске кетірудің шешуші буыны, адастырмас кілті -
сол халықтың ғасырлар
бойы пайдаланып келген
ұлттық жазу таңбаларын жойып жіберуден бастала-
ды екен.
Араб басқынш ылары Тұран өлкесін отарлап
алысымен-ақ өз мәдениеті мен дүниетанымынның
езегі болған ислам дінін, араб тілі мен жазуын
күштеп енгізуге барған. ¥рпақ пен ұрпақты руха-
ни танымы жағынан тікелей ұштастырудың шешуші
құралы болған ойма
жазуын араб жазу таңбасымен
алмастыруда алысты көздеген саяси-идеологиялық
мақсаты жатыр. Яғни жергілікті халықтың ғасырлар
бойы пайдаланып келген сіңісті әрі дәстүрлі жазу