152
Сана қалай орыстандырылды?
бұл дертке көшпелі дала халықтары шалынса да,
олар тіпті XIX ғасырдың соңына дейін қос дінді
қалпын сақтап келді.
Араб жазуыны ң шеңберіне тартылған халық-
тардың бәрі де өткен
тарихы мен өзіндік руха-
ни қайталанбас қазына көздерінен бейхабар күйде
қала берді. VIII ғасыр мен X ғасыр арасында араб
тілі, кейін парсы тілі Орталық Азияда ғылым
мен әдебиет тіліне айналып, ж ергілікті түркі
халықтарының тілі тағы да тұрмыс тіліне, үй ішілік
тілге ығыстырылды. Ана тілінде көркем шығарма жазу
дәстүрден шығып, ол тілде шығарма жазушыларға
менсінбей қарау пиғылы орнықты.
Жазу
таңбаларының өзгеруі, араб жазу таңба-
лары жергілікті халық тілінің ішкі заңдылығына,
табиғи дыбыстық ерекшелігіне сай келмеуі зиялы
қауымды талай ойландырып, тіпті, жаңа жазу
таңбаларын жасау әрекетіне де алып келді. Мыса-
лы Бабыр түрік тілінің
өз жазу таңбасын қайта
жасап ұсынса да, рухани дін басылары ол әрекетті
сыртқа тепті. Араб, парсы тілінің түркі халықтары
әдебиетіне үстемдік етіп, жергілікті тілді менсінбей
қарауына ғылым, өнер қайраткерлері қарсылық
жасап, келісімсіз күреске шықты. Мысалы, түріктілінің
құқын қорғау жолына түскен ақын Ж. Баласағұни,
сопылық поэзияның
классигі Ясауи және Бабыр,
Әлішер Науаи, Әбілғазылардан қалған зор рухани
қазыналардың дүниеге келуі - түрік тілінің абро-
йын аспанға көтерді. Мысалы, Ж. Баласағұни өзінің
ұлы туындысы «Құтадғу білік» дастанын ана тілінде
жазуды мақсат тұтқанын: