Сабақтың тақырыбы Ою-нақыш жұмыстарын орындау, қапсырмалы ойма әшекей. Жалпы мақзсаты



Дата24.07.2017
өлшемі45,01 Kb.
#21963
түріСабақ

Нұрбатырова Т. 28.02.17 жылы 7Ә-сынып Қатысты 15 оқушы

Сабақтың тақырыбы

Ою-нақыш жұмыстарын орындау, қапсырмалы ойма әшекей.

Жалпы мақзсаты:

1.Ою нақышын өңдеу технологиясын жүзеге асыру, жұмыс жасауға, икемділігін көркемдік әдіс-тәсілдерін қолдануға қалыптастыру.

2.Қаңылтырдан ою-өрнек қиып үйрету және тақтай бетіне соғу арқылы жапсырмалау әдісін қолдану.

3. Оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, пышақпен, қайшымен жұмыс жасау қабілетін шыңдай отыра тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі:

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша өз беттерімен білім алады.

2.Сөздік қо

ры көбейеді.

3.Сыни ойлайды.

4.Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді.

5.Тақырыптың мазмұнын түсініп таңдайды.

6.Бір-бірін тыңдауға үйренеді.



Негізгі идеялар:

Теориялық білімді, практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты жеткізе білу.

Негізгі қолданылатын модульдер.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Диалогтық оқыту, көсбасшылық оқыту үшін бағалау.



Тапсырмалар.

Сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.

Оқушының әс-әрекеті

Тапсырманы түсініп орындауға биімделу.

Жеке жұптық, топтық жұмыстарға қатысу.



Мұғалім іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу сынып оқушыларын түгендеу, зер салу.

Өткен тақырыпты пысықтау.

Жаңа сабақ: Сұрақтар қою.

1.Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?

2.Ұста мен зергердің айырмашылығы неде?

3.Ою-өрнектердің маңызы қандай?

Сыныпты топқа бөлу.

1.Тапсырма:

1.Қапсырма ойма әшекей туралы айту?

2.Кертік түрлерін атау?

3.Кертік жасау әдістері.

4. Кесу әдісін түсіндіру?

5.Нәзік әшекей мен ойма әшекейден ерекшелігі неде?

6.Ою нақыш жұмыстарының орындалу тәртібі?

2.Тапсырма: Сөйлемді жалғастыру.

Мысалы: 1.Қапсырмалы ойма әшекейдің әрбір элементі кезкелген композицияда үнемі екі жүйелі әдіспен-кертумен және жону мен орындалады.

2.Қапсырма шегелерді шеңбер бойынша, орналастырып гүл сияқты т.б. кертік оюлар жасауға болады.

3.Егер кесу тереңдігі кертіктің тереңдігімен дәл түйіссе, онда тақтайдан тырнау сияқты ағаш жаңқалары жеңіл ажырайды.

4.Кертікті жартылай дөңгелек қашаумен, жонып кесуді жақтау пышақпен орындайды.

5.Нәзік әшекей дөңгелек жүзді қашаумен бастыра жүргізу ал ойма әшекей тереңдігі 5-10мм тереңдікке дейін ойып түсіру.

6.Ағаш дайындамада тесік жасауды бұрғылап тесу станогында қол бұрығымен және электр бұрғысымен орындау.






Сергіту сәті: Оқушылар көздерін жұмып, ойша саяқатқа шығу. Саяқат аяқталған соң өз ойларын ортаға салу.

Әңгіме дебат құрастыру.

А.Сейдімбековтың ою-өрнектер туралы айтқан әңгімесінен үзінді.

Тапсырма: Ою-өрнектерден постер жасау.

Бағалау: Білімдерін «Бағалау бетшесі негізінде бағалау».

Қорытынды: « Қошқар мүйіз»

Үй тапсырма: «Ою-өрнектер» шығарма жазу.


Рефлексиялық есеп Нұрбатырова Т.

7ә сыныпта өткізілген сабақ бойынша, оқушылардың еңбекке деген ынтасы, жігерлілігі, шеберлігі және қолөнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының жеке, топтық жұмыстарынна тоқталатын болсақ, ою-өрнектер, қапсырмалы ойма әдістері бойынша топтың жұмысты орындауда жоғары деңгейде болды. .Практикалық жұмыстарға қойылған талаптарды мысалы: электр кұйдіргіш апараты мен жұмыс жасау әдістері мен қаңылтырдан соғып дайындалған ою-өрнектер бойынша, топтың жасаған жұмыстары жоғары деңгейде орындалды.

Фанер ағашының бетіне дайындалған теректің сәнделіп жасалуының өзі оқушылардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.Үш топта осы жұмысты орындауда, өздерінің ойын өте әдемі жеткізе білді. Қойылған сұрақтарға, үш топтың да жауаптары және жұмыстары жақсы деп өрнектелді.

Қаңылтыр бетіне соғып дайындау жұмысы бұл-аққу өрнегін жасау әдісі бойынша жұмысқа тоқталамыз.Үшкір жүзді қашаумен, бастыра отырып рельефті бедер түсіру. Әрбір жасаған жұмысымызға өте ептілікпен қарай отырып өрнекті өз деңгейінде орындау. Топ мүшелері ісжүзіндегі жұмыстардың орындалу тәртібіне тоқтала келіп,кеткен кемшіліктерге ескерту берді.Үшінші топтың жұмысында қаңылтырға бедер салу әдісі, бойынша кеткен қателіктер түзетілді.Топ жұмыстарын қортындылай келе оқушылалар әр топтың жұмыстарынна жеке-жеке тоқталып бағалады. Топ жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды.

Оқушылардың ой өрісі,ізденісі,шынайлығы, тапқырлығы еңбек сүйгіштігі шыңдалды.Оқушы дарындылығының ашылуы,көбіне ізденістен туады.

Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с. қасиеттерімен ерекшеленеді.

Бейнелеу өнері бар бала- сурет салуға,кәдесый сыйлық жасауға, көп уақыт бөлуінуінен, көргенін есте сақтауымен,сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.

I-топ Бақытты

2-топ Шаттықты

3-топ Қуанышты.



7ә сыныбы тапсырманы орындау үстінде.

Практикалық жұмыс.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет