Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мөкөмтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет77/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мөкөмтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
153
Түрік сөзін тау киігіндей көрдім,
Оқыста ұстап, өзіме оны үйреттім, -
деп, классикалық поэзиялық туындысын түрік тілінде 
жырлауды алдымен қолға алғанын зор мақтаныш 
сезіммен хабарлайды. Ясауи де осы тіл туралы 
күресті жалғастыруымен ерекшеленеді.
Ә. Науаи өз заманында араб пен парсы тілінің 
қыспағында қалған түрік тілін әдебиет пен ғылымның, 
мемлекеттің тілі дәрежесіне көтеру үшін ымырасыз 
күрес жолына ашық түсті. Осы мақсатта «Мухакка- 
мат ал луһатайын» («Тілдердің таласы») деп ата- 
латын еңбегін жазды. Поэзия саласында да осы 
мақсатты мұрат тұтқанын:
Түрік ұлымын деген халық басына,
Түрік тілінде жырлар төктім шашыла.
Түтеп жандым, қанша соққы қарсы алдым,
Түрік тілімен мен барымша жар салдым, -
деп, ана тілі үшін күрес жолына араб, парсы 
тіліндегілердің 
ықпалы 
мен 
ығына 
жығылған 
замандастарының қарсылығы мен түртпегіне, маза- 
ғына түскен күрескер ақынның «қанша соққы қарсы 
алдым» деп қайсарлануында біз біле бермейтін не 
сырлар жатпады дейсің?
Науаи түрік тілінің даму жолында басынан кеш- 
кен үш кезеңді атап көрсетіп, ондағы ерекшеліктерді 
бас-басына атап саралайтыны бар. Ә. Науаиша, 
біріншіден, араб халифатының Тұран өлкесіне ба- 
сып кіріп, ислам діні мен араб тілін енгізуі - ғылым 
мен әдебиетте, мәдениетте, қоғамдық қызметте 
түрік тілін ығыстырып, жергілікті тілдерге үстемдік 
жасаған заман болғанын айтады.
Екіншіден, Иранда саманилер әулетінің билікке


154
Сана қалай орыстандырылды?
келуі, көп елді езіне қаратуы, енді Орталық Ази- 
яда 
парсы тілін үсте м д ікке ж еткізуі себепті, 
түрік тілі екі жақтың, яғни араб пен парсы тілінің 
қыспағында қалды. Ол араб тілінің орнына парсы 
тілінің үстемдігі жүрген кезде әдебиет пен ғылымда, 
мәдениетте парсы тілі тізгін үстаған заман туғанын 
атап көрсетеді.
Үшіншіден, түркі халқынан шыққан үлы ақында- 
рының өз жерінде түрік тілінің теңдігі үшін күресіп, 
шешуші қадам жасай бастаған заманның кезегі 
келгендігін ескертіп өтеді.
Өзбек халқының айтулы ғалымы Фитрат 1918 
жылдың өзінде-ақ түрік тілі дүниедегі ең бай тілдер- 
дің бірі, бірақ ең бақытсыз тіл де сол тіл, өйткені ол 
тілдің табиғаты араб, парсы тілімен шұбарланып 
кеткендіктен, қайталанбас табиғи сөйлеу ерекшелі- 
гін бұзып алды деп қараған. Осы тұрғыдан қарағанда 
шағатай тілімен жазылған классикалы қ көркем 
әдебиет туындылары араб, парсы тілдік қорымен 
алабажақтанса, ал жергілікті халық өз арасында 
атадан мұра болып қалған халықтық тілде сөйлеп 
жатты. Өлең құрылысында да осы ерекшелік анық 
байқалып тұратын. Бірақ алып даладағы қазақ тілі 
ғасырлар бойы үстемдік еткен араб, парсы тілдерінің 
әсеріне ұшырағанымен, бастапқы табиғи сөйлеу 
қалпын сақтап қалды. Шағатай тілінің әсері, әсіресе, 
біздің тарихымызда кітаби ақындар деп аталатын 
ақындар туындыларында басымырақ болған заман 
да басымыздан өтті.
Тұран өлкесін жайлаған халықтарға ислам діні 
енгізіліп, араб жазуын да еріксіз мойындатты. Бұл 
үшін олар жоғарыда айтып өткеніміздей жергілікті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет