Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
сып, қару-жарағын бөлісіп беріп көмектескен қытай
империясы енді келіп езі жеңіліс тапқан қалмақты
еңбектеген баласынан еңкейген қартына шейін
жусатып салуы - нағыз саналы түрде,
жоспармен
жүргізген геноцидтік саясаттың өзі болып шықты.
Мұндағы басты саяси мақсат - жерді қалмақтардан
тазартып, жер үшін отанын тастап келген отаршыл
келімсектерді орналастыру деген екі империяның
да көздеген өзекті мүддесінен туындап жатты.
Ресей империясы езінің отаршылдық мақсатын
жүзеге асыруда Еділ-Ж айық бойындағы Аюке хан
бастаған
қалмақтар тобын Қырым, Азов, Астра-
хан, Ноғай хандығы мен башқұрт пен қазаққа айдап
салып, тіпті, керек болса, Дон казактарын да жуа-
сытып алуға пайдаланудан тартынбады.
Енді
қалмақтардың қажеті азая бастаған соң,
оларды
шоқындырып орыстандыру арқылы ассимиляцияға
түсіріп, өзара ру таласын қоздырып, тұншықтыру
тәсілімен тұтас бір халықтың түбіне жеткеніне тарих
куә. Жалпы Ресей империясының ұсақ ұлттарды
отарлау
тарихына назар аударсақ, бірде-бір халық-
тың жақсылық көрмегені, керісінше көбі ассими-
ляцияға ұшырап жұтылып кеткені талассыз шындық
болатын. Қалмақтың кінәсі - өз тәуелсіздігі мен
азаттық-қа ұмтылуында жатты.
Қазақ пен қалмақты
бір-біріне айдап салу сая-
сатын ұстанған екі империяның екі халықты да
әлсіретіп, оларды саяси күш ретінде тарих сахына-
сынан шығарудан басқа мақсаты жоқ болатын. Екі
халық екі империяның айдап салу саясатымен бірін-
бірі надандықпен аяусыз қырып әбден әлсіреген
соң, екеуі екі жақтан ақырын жылжып қазақ жеріне