Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


рулық жүйедегі датқалы қ ел билеу түрі



Pdf көрінісі
бет82/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

рулық жүйедегі датқалы қ ел билеу түрі
енгізілді. Ал Орталық Азия халықтары Ресей ота- 
рына тұтас айналған соң, жоғарыдағы ел билеу 
жүйесіндегі ерекшеліктер түгел өзгеріп, енді Ресейдің 
ел билеу жүйесіндегі стандартқа бейімделді. Ендігі 
билік қазақ арасында болыстық шеңберден аспай- 
тын әрі 
аймақтық принципті 
ұстанған болыстық 
сатылы сайлау жүйесіне негізделді. Мұндағы басты 
саяси мақсат - қазақ елінің рулыққа негізделген ел 
билеу жүйесін талқандап, ішкі-сыртқы билік атау- 
лыны отаршыл үкіметтің қолына жинақтау саяса- 
ты көзделді. Қазақ халқының 
түрмы сты қ өзегі-
не (ядросына) 
айналған бір атаның баласынан 
тұратын ауылдық жүйені әрі ол ауылды рухани 
жағынан уысында ұстап, сүттей ұйытып отырған 
ауыл ақсақалының ықпалын жоюды мақсат тұтты. 
Бұл қазақы тұрмыстық өзектің негізін жоймайын- 
ша, қазақты идеологиялық жағынан меңгеру мүмкін 
еместігіне көз жеткізді. Қазақ халқын рухани- 
идеологиялық жағынан бағындырып, айтқанына 
көндіру үшін патша үкіметі де, кеңес үкіметі де осы 
қазақ аулының тұрмыстық өзегін (ядросын) жоюға 
шешуші мән бере қарады.
1719 жылы Сенатта Еділ бойын жайлаған бұра- 
тана халықтарды христиандандыру мәселесі талқы- 
ланып, 1728 жылы Сенаттың Еділ бойы халықтарын 
шоқындырып орыстандыруға бағытталған арнайы 
жарлығы шығады. Келешекте Ресей империясының 
отары болып енетін халықтардың, соның ішінде 
қазақтардың, рухани тағдырын осы жарлықтың


162
Сана қалай орыстандырылды?
кейпі күтіп тұрғаны н айқын аңғаруға болатын.
Қазақ халқының рухани болмысын идеологиялық 
жағынан меңгерудің саяси тетігі - қазақтарды шо- 
қындырып оры станды ру жолы ұсталуы себепті, 
алдымен, ол халықтарды рухани жағынан біріктіріп 
отырған, 
ортақ бір 
емлеге негізделген араб жазуы- 
ның орнына ол халықтарды рухани жағынан бір- 
бірінен алыстатып, ірітетін әдіс ретінде орыс 
жазуыны ң әріп таңбасын енгізу мәселесі алыс- 
ты көздеген миссионерлік саяси мақсат ретінде 
алға қойылды. Бұл мәселеге байланысты Еділ 
бойындағы ұсақ ұлттарды шоқындырып орыстанды- 
руды көздеген ұйым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет