Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет85/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

ояну
дәуіріндегі 
өкілдері сезіп білді ме екен деген сұрақ 
тууы мүмкін. Бұған берер жауабымыз: терең сезінді, 
сезініп қана қоймай, ол саясатқа табанды түрде 
қарсылық та жасап бақты. Өйткені олар өздеріне 
дейінгі шоқындырып орыстандыру саясатын жүзеге 
асыру тарихымен де жете таныс болған. Мыса- 
лы Ахмет Байтұрсыновтың 1914 жылы «Қазақ» 
газетінде жарияланған 
«Бастауыш мектеп» 
деген 
мақаласында: «...Қазақты орысқа аударамыз деген 
пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы 
қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, 
қазақ тұтынып отырған араб харпін тастатып, орыс 
харпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана 
тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен 
оқыса да, орыс харпімен оқысын дейді... Үкіметке 
керегі - мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, 
бір дінде, бір жазуда болуы, ал халыққа керегі өз 
діні, тілі, жазуы сақталуы», - деп қазақ еліне қара 
бұлттай төніп келе жатқан қатерлі рухани құбылыстан 
сақтандырып, халқының бозторғайындай шырыл- 
дап белгі берген жанашыр даусын естиміз. Ақаңның 
осы пікірінде өзінің күрес жолының жоспарлы 
мақсаты да жатты.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін мемлекеттік 
миссионерлік саясаттың аз уақыт тоқталғаны рас. 
Қазақ халқы да басқа ұсақ ұлттардың қатарында 
тілінен, ділі мен дінінен, ұлттық мәдениетінен, 
жазуынан айырылып, жұтылып кету қаупінен аман 
қалды. Өйткені Ресей империясы қазақ елін жер


166
Сана қалай орыстандырылды?
бетінен 
жойып 
ж іберу 
мақсатын 
ұстанғанын 
Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің 1916 
жылғы күнделігінде оры стың саяси элитасының 
қазақтарды жер бетінен бүтіндей жойып жіберу тура- 
лы мақсатын ашық жазуы айғақтап тұр. Мен осы 
қаскөй мақсаттың кеңестік дәуірдегі жалғасының бір 
көрінісі - қазақ жерінде атом полигонын салумен 
бірге 34 жерде сутегі, атом бомбаларын жару жүйесі 
қазақтар ұйыса қоныстанған жерде ғана орындалуы 
деп білемін. Мұндағы мақсат та қазақтардың гена- 
фондын білдірмей, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан сайын 
радиациямен аздырып, тоздырып, тұқымын құртуға 
арналған өте құпия саяси мақсат көздеген сана- 
лы әрекет емес пе екен деп сезіктенемін... Өйткені 
патша заманындағы IV думаның депутаты Марков 
айтқан: «Американдықтар қызыл терілілерді қалай 
қырып-жойса, біз де қазақтарға солай етуіміз ке- 
рек», - деген сұмдық ой-пікірден отаршыл офи- 
церлер арасында өріс алған геноцидтік көзқарасты 
көреміз. Мысалы, 12 миллион қызыл терілі адамдар- 
ды отаршыл америкалықтар қатыгездікпен қырып- 
жойып, жерін иеленіп отырса, Ресей отаршылда- 
ры да сол ниетті жүзеге асыруға ұмтылғаны тарих- 
тан белгілі жай ғой. Бұған нақтылы айғақты Кавказ 
халқын жаулаған орыс генералдарының жазған хат- 
тарынан көреміз. Мысалы, генерал Н. Н. Раевский 
дің Ресей империясының соғыс министрі А. И. Чер- 
нышевке жолдаған хатында: «Кавказдағы біздің 
соғысымызда америкалық қызыл терілілерді қырған 
еуропалықтардан еш айырмашылығымыз жоқ, менің 
мұндай сұмдыққа жүрегім шыдар емес, кетемін», -
деп жазуы (А. В. Фадеев. Россия и Кавказ. М., 1910)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет