Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет87/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Бүл іспеттес аса нәзік ұлтық мәселелерді 
халықтар достығы үранымен бүркемелеп жүзеге 
асырудың бәріміз тікелей куәгері болып отырмыз.
И. В. Сталиннің араб жазу таңбасын, алдымен, 
латын жазу таңбасымен алмастыруға нұсқау беруінің 
астарлы сыры әлі де ашылмай келеді. Менің пайым- 
дауымша, біріншіден, патша үкіметінің араб жазу 
таңбасын орыс жазу таңбасына алмастыру саясаты- 
нан хабары бар ұлт зиялыларынан сескеніп, алды- 
мен, латынша жазу таңбасына өту арқылы қоғамдық 
пікірді адастыруды көздеген. Екіншіден, бұл зиялы 
топ тұрғанда бірден орыс жазу таңбасына өтсе, ұлы 
державалық шовинистік пиғылға қатты қарсылық 
туарын білген соң, уақытша саяси маневр жасау- 
дан келіп шыққан саяси амал еді. Түбін ойлап 
жоспарланған қызыл қырғын (1937 жыл) өткен соң, 
зиялылардың көзі жойылып, орыс жазу таңбасына 
өткізуде қарсылық та болмайды деген болжамы 
шындыққа айналды.
Латын 
жазуына 
өтуге 
қарсылық, 
әсіресе, 
Қазақстанда қатты жүрді. А. Байтұрсынов бастаған 
қазақ зиялылары бұл саясаттың түпкі астары қандай 
саяси-идеологиялық мақсат көздейтінін, латын жаз- 
уын алу уақытша көзбояушылық шара екендігін, 
бәрібір түптің түбінде орыстандырудың кілті болып 
табылатын орыс жазу таңбасына алмастыраты- 
нын жақсы білді. Қазақстанда латын жазу таңбасын 
алуға қарсы болған зиялы қауымды таптық мүдде 
тұрғысынан, саяси тұрғыдан айыптайтын қоғамдық 
пікір қалыптастырып, сауатсыз, көп нәрседен бейха- 
бар жастарды адастыру ол кезде қиын шаруа емес 
еді. Мысалы, әдебиетші Байдилдин 1926 жылы


170
Сана қалай орыстандырылды?
«...ж ас советтік жұртшылық екілдері жаңа әліппені 
жақтаушылар болып отыр. Бұған қарсы шығушылар 
да табылды: алашордалық зиялылардың кертарт- 
па жетекшілері оларға басшылық етушілер болып 
шықты», - деп қара борандатса, Әміре Қайболлаұлы 
деген біреу «...орысш аны бар оқудың кіндігі қылып 
оқыту керек», - деп өңештеді (Еңбекші қазақ, 1927, 
№111). Сол тұстағы көзге түскен идеологтардың 
кешбасшысы Ілияс Қабылұлы: «...қазақ тілі түкке 
жарамайды ... қазақтілін оқыту - ұлтшылдық» (1927, 
№ 164) деп, жаңа алфавитке көшуді былай қойып, 
тіпті ана тілінде оқып, білім алудың өзіне қарсы 
шығып, солақай сілтеп жатуы - тапшыл идеологтың 
бар болмысын, яғни тұрпайы социологиялық таны- 
мын жалаңаштап көрсетіп отыр. Бұл жат ниетті 
бүгінгі космополит шала қазақтардың қарын қамын 
ғана ойлаған тоғышар тобының мемлекет тіліне 
астыртын қарсы пиғылы мен әрекетінен де көріп, 
біліп отырмыз.
Араб жазу таңбасын А. Байтұрсыновтың қазақ 
тілінің дыбыстық табиғатына орай реформалауы- 
нан кейін бүкіл әлем ең озық жүйеге түскен жазу 
таңбасы деп таныса да, кеңестік күштеу саяса- 
ты өз дегеніне жетіп тынды. Өйткені латынша жазу 
таңбасына қарсыларға саяси айып тағылып, бұған, 
тіпті, заң қорғау орындары да тікелей араласа баста- 
ды. Мысалы, «Жаңа әліпке көшу туралы Халық 
Комиссарлар Кеңесінің жанындағы Орындаушы 
комиссия» дейтін ұйым латын жазуына қарсыларды 
заң жүзінде қудалауды ашық түрде жүргізе баста- 
ды. Осы комиссияның 1931 жылғы қаулысында: 
«...1931 жылғы майдың он біріндегі «Еңбекші қазақ»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет