Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет89/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
бар рухани қүбылыс деген дақпыртпен ұялмай- 
қызырмай-ақ атап өтті. Сонымен кеңес елінде тек 
Прибалтика республикалары мен Армения, Грузи- 
ядан басқа, негізінен түрік халықтарының бәрі де 
жаңа алфавитке өтті. Ап жоғарыда аталып өткен 
республикалар христиан дінін ұстануы себепті және 
олардың жазуы ертеден келе жатқан дәстүрлі жазу 
деген сылтаумен өзгертілмей қала берді.
Жоғарыдағы ғасырлар бойы қолданылып келе 
жатқан жазуы өзгеріске ұш ыраған халықтардың 
басым көпшілігі түрік тілді халықтар болуы себепті, 
болашақта славян халықтарына тұрақты қарсылық 
тудыратын супперэтнос ретінде қаралды. Сондықтан 
оларды орыстандырып, сіңіріп жіберу әрекетінен 
келіп, 49 ұлттан тұратын түркі халықтарының 
бүгінде 22-сі ғана өмір сүріп, оның 27-сі өз тілінен 
айырылып, «өлі тілге» айналды. Патшалық емес, 
кеңестік дәуірде қатты жүргізілген бүркемелі мис- 
сионерлік саясаттың әрекет деңгейі бұрын-соңды 
болмаған жылдамдықпен жүргендігін 1926 жылы 
Кеңестер одағында 194 ұлт тіркелсе, бүгінде соның 
93-і жұтылып, 101-і ғана қалуы дәлелдейді, бұл 
мем лекеттікмиссионерліксаясаттыңжүзеге асуының 
нақтылы айғағы десе болғандай.
Заманында А. Байтұрсыновтың қазақтар қолда- 
нып жүрген көне араб жазу таңбасына жасаған нұс- 
қасы сауат ашудың еңжеңіл де қолайлы, жетілдірілген 
түрі болып шыққанын дүние жүзі ғалымдары 
бірауыздан мойындаған еді. Осы бағалауды назар- 
да ұстай отырып, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым 
М. Ж олдасбеков «Аруақ азбайды» деген ойлы 
мақаласында: «Ахаң тапқан төте жазумен араб гра-


174
Сана қалай орыстандырылды?
фикасын тез меңгеріп, сауатын оңай ашты» (Қазақ 
әдебиеті, 21.06.1991 ж.), - деп жазуында нағыз 
шындықтың негізі жатыр. Ахаң жасаған қазақша төте 
араб жазу графикасы, яғни Ахаңның жазу рефор- 
масы 1962 жылы Апматыда өткізілген Бүкілодақтық 
конференция қорытындысында («Вопросы разви- 
тия литературных языков народов СССР», Апма- 
Ата, 1964) орта ғасырлық өңезі шығып көнерген 
жазу еді деп бағаланып, бұл ғылыми танымға үш 
қайнаса сорпасы қосылмайтын жасанды жалған пікір 
кең көлемде өріс алып, қалың оқырманды адастыру- 
мен келеді.
Айрықш а назар аударатын саяси мәселенің 
өзекті де нәзік тұсы - түрік тілді халықтарға орыс 
жазу таңбасын 
қаз қалпында 
өзгертпей тұтас 
қабылдату саясатында жатыр. Түрік тілді халықтар 
сөзінің фонетикалық табиғаты мен ерекшелігіне сай 
жасалған ұлттық дыбыстарды (мысалы қазақтардағы 
ә, ө, ғ, қ, ң, і, ү, ұ) бір-біріне жақындастырып
бір ыңғайға келтіріп унификациялап берудің орны- 
на, оларды әр ұлт тілінде әр түрлі таңбалармен 
белгілеп, түрік халықтары бірін-бірі оқып, түсіне 
алмастай халге келтіріп, өзгертіп жіберді. Түрік тілді 
халықтардың орыс графикасы негізінде берілген 
өз тілдерінің табиғи ерекшелігінен туындаған әріп 
таңбаларын бір ыңғай түрге келтіріп, унификация 
жасап жақындастырудың орнына, оларды саналы 
түрде, қастандықпен бір-бірінен алшақтатып, бірін- 
бірі оқи алмастай қиындатып жіберудегі мақсат нені 
көздейді?
Бұл өздері ұрандатып жүрген халықтар досты- 
ғы - интернационализм бе, әлде көлгірсіп оты-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет