Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылдыү»



Pdf көрінісі
бет86/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылдыү»
шындықтың бетін ашып отыр. Тіпті Кавказ сапарын- 
да болған үлы ақын Пушкин: «Отаршылдар жергілікті 
халықты: авар, құмық, қарашай, шешен, ингуш, 
дарғын, балқар, кабарды, шеркеш, лезгін, адық, лақ, 
ноғай, тукхум, табасарандарды атамекендерінен 
қуып, бұл жерлерге ішкі Ресейден лек-легімен 
ағылған казачествоны қоныстандырды. Шеркештер 
көп қырылды. Кейбір тайпалар тұтастай жойылып 
кетті» (А. С. Пушкин. Собр. соч. в 10 то-мах, том 7, 
М., 1984, С. 302), - деп жазуы Ресей империясының 
ұсақ ұлттардың тажалы екенін ашық білдіріп отыр.
Отаршыл Ресей империясының ұстанған осы 
қатерлі мемлекеттік идеясын жалғастырушы кеңес- 
тік дәуірдің билігін қолында ұстаған И. В. Ста- 
лин ұсақ ұлттарды кеңестік біртұтас ұлтқа айнал- 
дыру және түркі халықтарыны ң ғасырлар бойы 
ұстанып келе жатқан араб жазу таңбасын орыс 
жазу таңбасына алмастыру туралы тікелей нұсқау 
бергенін проф. М. Всеволодованың «Правда» газе- 
тінде жарияланған мақаласында (06.03.1989 ж.) 
ашып берді. Бұл қасіреттің де тікелей жүзеге асуы 
Сталин нұсқауымен болғанын оның қолшоқпары 
болған Голощекиннің орталыққа жазған қызметтік 
хаты да ресми түрде айғақтап тұр.
Профессор Құдайберген Жұбанов бұл аса қауіпті 
де зардабы зор сұмдық зұлымдықты жүзеге асы- 
руда «...ескі замандағы тағылардан XIX ғасырдағы 
көргенді елдердің адамшылығы өзге болған емес, 
бүгінгілер бүркеншікті сұйеді», - деп, С. Сейфуллин 
айтқандай, көп нәрсенің сұмдық сырын біліп, қатерлі 
жолдың зардабын меңзесе, Шәкәрім 1915 жылдың 
өзінде-ақ:


168
Сана қалай орыстандырылды?
Еуропа білімді жүрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде, -
деп, тосын қауіптің сырын танып, зардабын біліп, 
сездіріп отыр. Мұны кеше ғана болып өткен орыс- 
шешен соғысы, немесе АҚШ пен Ирак арасындағы 
қантөгіс айғақтап тұр емес пе?
И. В. Сталин билігінен бастап большевиктер 
Ресей империясының армандап жүзеге асыра алмай 
кеткен ғасы рлы қ мақсат-мұраттарын, яғни бас- 
басына атап айтар болсақ:
1. ¥сақ ұлттарды шоқындырып орыстандыру;
2. Араб жазуын орыс жазу таңбасына алмас- 
тыру;
3. 
П атш аның водворение саясатын ұстану 
арқылы келімсектерді басқа ұлт жеріне мейлінше 
молынан тоғытып орналастыру;
4. 
Қырым жерін қырым татарларынан, Кавказ- 
ды мұсылман халықтарынан тазарту;
5. Тұран жерін, яғни Орталық Азияны шикізат 
көзіне айналдыру;
6. Орыс-түзем мектебіне, яғни аралас мектеп- 
терге басымдық беріп, санын көбейту;
7. 
Орыс тілін ресми түрде болмаса да мемле- 
кет тіліне айналдыру;
8. 
¥сақ ұлттарды тезірек ассимиляцияға түсіріп, 
жаппай орыстандыру;
9. Түрік халықтарының рухани тұтастығын жою 
үшін, олардың ұлттық жазу таңбасын оқтын-оқтын 
алмастырып отыру;
10. 
Бүкіл ұсақ ұлттарды тұтасынан саяси бір 
организмге, яғни орыстанған бір текті совет халқына 
(орысқа) айналдыру ісі қызу қолға алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет