Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулі ықпалдастырылған бір сабақтың жоспары



Дата05.06.2017
өлшемі137,91 Kb.
#17638
Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулі ықпалдастырылған бір сабақтың жоспары

Тақырыбы:

Бауырмалдық және кеңпейілдік

Мектеп: Саран қаласы №7 ЖББМИ

Мерзімі:

29.10.2016ж



Аманжол Алтынай Алдажанқызы, №7ЖББМИ

Сынып: 8«А»

Қатысушылар саны:

16

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

-Бауырмалдық және кеңпейілділік екеуінің арасындағы айырмашылықты сипаттайды;

-Кеңпейілділік, бауырмалдық сияқты қасиеттерді айқындау;

-Бауырмалдылық пен кеңпейілділік жадпыадамзатты өзара жақындастырып, достастыруға көмектесетіндігін өмірлік мысалдармен түсіндіріп ,бағалау.


Оқу мақсаттары/

Күтілетін нәтиже

Барлығы (А (жоғары), В( жақсы), (С орташа):

Бауырмалдық және кеңпейілділік екеуінің арасындағы айырмашылықты мысалдармен сипаттайды;

Кеңпейілділік, бауырмалдық сияқты қасиеттерден қандай істерден көрінетінін айқындау;

Бауырмалдылық пен кеңпейілділік жадпыадамзатты өзара жақындастырып, достастыруға көмектесетіндігін түсіндіріп, өмірлік мысалдармен қорытуға және бағалауға талпынады.


Тілдік мақсаттар (тыңдалым, оқылым, жазылым айтылым):

-Кеңпейілділік, бауырмалдық сияқты қасиеттер қандай істерден көрінетінін тыңдайды;

-«Алма ағаша» өсиет әңгімені түсініп оқиды;

-өздеріңнің бауырмалдық пен кеңпейілділік танытқан кездеріңді есіне түсіріп, жазу;

- Бауырмалдылық пен кеңпейілділік қасиеттер жайлы өз ойларын ашық айта алады.



Алдыңғы оқу

Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік туралы түсініктерін тұжырымдау

Негізгі сөздер мен тіркестер

Қасиеттер, мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүрек

Жоспар

Уақыт


Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті







Кіріспе

3мин
3 мин



« Нұрға бөлену» тыныштық сәті

Мақсаты: бар әлемге сүйіспеншілікпен, мейріммен нұр жіберу.
«Топқа бөлу»

Мақсаты: топтастыру;

Түрлі-түсті тастар арқылы.
«Қытай қағазы»

Мақсаты: «Әдептілік» туралы өткен сабаққа шолу;

Оқушыларды жұптастырып үйге берілген тақырыпты сұрау.

1.Мәтін не туралы айтылған?

2.Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

3.Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеттері бар?


Балалар ыңғайланып отыру, денелерін түзу ұстак, қолдарын тізеңізге немесе үстелге қою, көздерін жұму, елестету.

Ойша айту: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Топтың атын тағайындайды

Диалог барысында жұптасу арқылы өткен тақырыпты толық пысықтайды.


- Әдеп, әдептілік туралы.

-Әдептілік адамның іс-әрекетінде көрініс таспқандығы

-Әдептілік, көрегендік және кішіпейілділік



«Тамаша!»

«Жарайсыңдар!»


«Жарайсыңдар!»


«Тамаша!»


5 «Т» ережесін еске Түсіру: 
Тәртіп 
Талап 
Тазалық

Татулық


Тыныштық
Тыныштық сәті
А4 қағаз


«Тұсаукесер» 3мин


«Мұғалім сыйы»

Мақсаты: бүгінгі тақырыпқа байланысты мұғалімнің сыйы.

«Көк ту және достар» бейнеролигін көріп болғаннан кейін сұрақтарға жауап беруіп, ойларын қорытындылау.



1) Бейнебаянда не туралы баяндалған? 
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
 
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздер.
 

Бұл көріністен байқағанымыздай қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады. Риясыз таза сүйіспеншілікке жүректері толы адамдарға ғана басқаларды жатсынбай өз бауырындай көре алады. Ал бауыр дегеніміз қазақ үшін ең жақын, ең қатты жақсы көретін адамдары, туғандары.


«Өте жақсы!»

«Тамаша!»



Бейнеролик


Негізгі бөлім

20мин


3мин

3мин

Қорытынды

5мин

5мин

3мин



«Оқы, талда, қорға»

Мақсаты: Жеке жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.

Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейді.



« Жағымды ой пікір »

Мақсаты: Бүгінгі сабағымызда құндылықтарға байланысты дәйексөз;

Шәкәрім Құдайбердіұлының « Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық - ақ жүректен шығады» . 


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

Суретшілер тобы: 
«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу. 
Әртістер тобы: 
Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс. 
Ақындар тобы: 
бір шумақ өлең құрастыру

Кең даланың.қазақ. салт .дәстүр

----------------- ежелгі,

---------- деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар -------мен ----------


«Топпен ән айту».

 «Мейірімді болайықшы бауырлар»

Сөзі: Серік Қалиев Әні: Құрмаш Маханов

Мақсаты: бүгінгі тақырыбымызға сай, тақырыпты пысықтау негізінде топпен ән айту.


«Сиқырлы сандық»

Мақсаты: риясыз сүюе білуге дағдыландыру.

Олай болса сіздерге сиқырлы сандық ұсынамын ішінде өздеріңе таныс адам суреттері бар ,сол адамға өз бауырмалдықтарыңызды көрсете риясыз күліңіз,ол адам да сізге жауап береді.
«Сабақтың қорытынды сәті»
Балалар бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді, тілектерімізді стикерге жазып, тілек ағашына ілейік.


Үйге тапсырма. «Бауырмалдық»сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу

Менің бауырларым фото дерек жасау


«Соңғы тыныштық сәті»

Тыныштық барлық әлемде 
Сабағымыздан үйренген сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік сияқты жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, барша адамзатқа деген бауырмалдылық, кеңпейілілік, сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!


-жалқаулық

-батылдық

-ұйқыбастық

-ақ көңіл

-сараң

-мейірімді



-екіжүзділік

-қамқорлық және т,б,



Ақ жүрек адам өзгенің жетістігіне, қуанып, бақытына өз жетістігі мен игілік бақытындай көріп, қуанатындықтан, басқалар да оған осылай жауап береді, қуаныш, сүйіспеншілік сыйлайды. Ізгі істен ізгілік туындайды.

Суретшілер тобы: сурет салу. 

Әртістер тобы:  көрініс қою

Ақындар тобы: бір шумақ өлең құрастыру

Топпен ән айту. Ән бойынша қорытынды жасау:

Бауырмалдылық тек қана адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болуын көрсетсе,

Ал кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Кеңпейілділік пен бауырмалдылық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.


Сиқырлы сандықтың ішіндегі өздеріңе таныс адам суреттеріне риясыз сүйіспеншіліктерін білдіру

-мейірімді болайық

-қамқор болайық

-жүрегіміз нұрға толсын және т.б.

Үй тапсырмасын жазып алады.


«Жақсы, жарайсыңдар»

Смайликтер



«Өте жақсы»

«Өте жақсы!»

«Тамаша!»
«Өте тамаша!» «Жарадыңдар»

«Тамаша!»


«Өте жақсы»


«Жарадыңдар»

«Жарайсың!»


«Тамаша!»

«Тамаша!»





Адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген лото
Смайликтер


дәйексөз;

Шәкәрім Құдайбердіұлының « Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық - ақ жүректен шығады» . 

Жекелей, топқа бөліп хормен оқыту.

Плакат, А4 қағаз,дәптер

Тақтада және ақ қағазда жазылған әннің сөзі


Сиқырлы сандық

Стикерлер



Тілек ағашы, стикер, баяу әуен. 

Күнделік



баяу әуен




Қосымша ақпарат

Деңгейлеу

Оқушы көмек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?





Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/ білімін қалай есепке аласыз? (жалпы ақпарат/ бағалау идеясы)

Пәнаралық байланыс, өмірмен байланыс

Оқушыларға көмек топтағы жұмыс арқылы іске асады. Топтағы оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді.

топта бағалау және өзін-өзі бағалау іске асады.

Сабақ барысында оқушылардың  құндылықтарын дамыта отырып, бір-біріне құрметпен қарау, әділдік, ынтымақтастық, бауырмалдылық, кеңпейілділіктері қалыптасады.

Рефлексия

Оқу мақсаттары/ сабақ мақсаты шынайы болды ма? Оқушылар бүгін неге үйренді? Сабақтағы ақуал қандай болды? Менің деңгейлік тапсырмаларым тиімді болды ма? Уақытты тиімді пайдаландым ба? Өз жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? Неліктен?




Төмендегі орынды сабақ бойынша бақылауларыңызды жазуға арнаңыз. Сол жақтағы сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Оқу мақсаттары шынайы болды.

2.Бүгін оқушылар өз бойларындағы бауырмалдылық пен кеңпейілділік қасиеттерін дамыта түсті.

3.Сыныптағы ахуал жаоғары болды. Ынтымақтастықпен жұмыс жасады.

4.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.

5.Берілген уақыт ішінде барлық мақсатқа жете алдық. Келесі сабағымда жаңа сабақты түсіндіруде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қызықты әдіс-тәсілдерді қолдануды мақсат тұтамын.


Қорытынды бағалау:
Сабақтағы екі ең сәтті әрекетті атаңыз (оқыту және оқу бойынша).

1:Оқытуда мәтінді түсіндіру; оқуда мәтінді түсіне отырып алған ақпараттарын берілген тапсырмаларды орындау арқылы ;

1.Оқытуда тиімді әдіс-тәсілді қолдану және оқушылардың барлығы жұмыс жасау үшін қолайлы орта қалыптастыру сабақты жақсарта алады деп ойлаймын.

2.Оқушыларадың барлығы жұмыс жасау үшін қолайлы орта қалыптастыру сабақты жақсарта алады деп ойлаймын.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Выготскийдің «жақын арада даму аймағы» арқылы сыныптың белсенділігін арттыру.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық/төртінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016ж

  3. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Д.Б Какенов;

  4. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Р.А Мұкажанова;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет