Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет95/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Сана қалай орыстандырылды?
мәселесі XX ғасыр басында Сунь Ят Сеннің алды- 
на да қойылды. Сунь Ят Сен қытай халқының 
рухани тутастығын сақтап қалудың бірден-бір жолы 
қытайдың ескі дәстүрлі жазуы деп білді.
Орыс ғалымдарының ішінде келешекте Ресейдің 
латын жазу таңбасына өтуі қажет деген пікірлер 
де айтылуда. Өзбек, түрік, әзербайжан, ұйғыр, та- 
тар, тіпті, тәжік тілдерінде араб, парсы тілдерінің 
сөздік қоры басым жатуы әрі ол тілдердегі руха- 
ни қазыналардың бәрі де араб жазу таңбасымен 
жазылып сақталуы да бізді алаңдата береді. Осы 
себепті де ортақ бір жазу таңбасын алу жолындағы 
мәселенің күрделілігі де алдымызға оралғы болары 
да анық.
Бізді, яғни түрік халықтарын қоршаған отаршыл 
империялардың сан ғасырлар бойы ой-санамызға 
шыжымдап сіңіріп, тұрақты стреотипті наным- 
танымға айналдырған рухани құлдықтың тұманды 
тұтқы ны нан 
саналы 
түрде 
тазарып 
шығудың 
оңайлыққа түспейтін зілбатпан салмағы да бар. Осы 
себептерге байланысты барлық түрік халықтары 
өзара пікірлесіп, жан-жақты ойлана келіп, түйінді бір 
тоқтамға келуі - бүгінгі күннің тарихи қажеттілігіне 
айналып отыруын терістей алмасақ керек. Бірақ 
бұл іспеттес тарихи қажеттілікті таңдау жолымызда 
іштен де, сырттан да сан түрлі саяси-идеологгиялық 
қысым түрлері жасалмас деп те айта алмаспыз. 
Бұл аса күрделі де өзекті ұлттық мәселе бүкіл түркі 
халықтарының өз еркімен жүзеге асатын рухани 
тілегі ретінде танылмағы басты шарт.
Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір латын жазу 
таңбасын алуға қарай бағыт алуда. Бірақ әр қилы


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
пікір танымдардың барлығын да назарда ұстай- 
мыз. Атап айтар болсақ, біріншіден, жазу таңбасын 
таңдауда ойма жазу таңбасын бүкіл түркі халықта- 
рының ортақ жазу таңбасына айналдырудың тари- 
хи мүмкіншілігі туып отыр деген пікірді ұстануда. Ал, 
екіншіден, араб жазу таңбасына да іш тартып, ол 
жазуда мың жылдық рухани қазынамыз жазылған әрі 
бүкіл түрік халықтарына ортақ емлесі қалыптасқан 
бесаспап жазу деп қарайтын талаптар да алға 
қойылуда. Үйренген орыс жазу таңбасында қала 
берейік дейтіндер де баршылық. Сондағы бұлардың 
талап-тілектері мен табан тірер дәлел-деректері 
неге сүйенеді?
1. 
Ойма жазудың түп төркіні тарихтың терең 
қойнау-қатпарларында жатыр. Ойма жазу түрін түрік 
халықтарының ата-бабалары ойлап тауып, дүниеге 
келгені тарихи шындық әрі бұл жазу түрі әлемге 
тараған жазу таңбаларының түп атасы деген пікірлер 
де айтылуда. Бұл жазу түрі қолданысқа түсе қалса, 
оның біршама артықшылық жақтары да баршылық. 
Мысалы, ол бірден түрік халықтарының рухани 
тұтастығын қалпына келтіруге, түрік тілдерінің 
дыбыстық табиғатына сай келуі себепті сөйлеу 
тіліміздің орф оэпиялық қалпына түсіруге қызметі 
зор болмақ. Екіншіден, компьютерде қолдануға өте 
қолайлы болып келуімен бірге, стенограф иялық 
жылдамдықпен жазуға төселдіреді. Үшіншіден, екі 
бетке түскен бүгінгі жазу көлемін бір бет көлеміне 
түсіріп қысқартады, уақыт пен қағазды үнемдеуге 
жол ашады.
2. Түркі халықтарының рухани қазына көздері 
мыңжылдан астам уақытбойы арабжазу таңбасымен


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет