Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет93/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

ортақ жазу таңбасына
өту - болашақ ұрпақтың өмірлік қажеттілігіне айна- 
луда. Өйткені біз, түрік халықтары, саяси-әлеуметтік, 
идеологиялық жағынан бөлшектеніп, ыдыраудың 
соңғы шегіне жеттік. Енді рухани тұтастыққа қол 
созып әрекеттенбесек, алдағы кезеңде ұтылған 
үстіне ұтыла бермекпіз. Бұл күрделі мәселе Прези- 
дент Н. Н. Назарбаевпен болған тікелей пікір алысу 
кезінде де көтерілді. Бәрімізге ортақ қызмет ететін 
бір ғана жазу таңбасын қабылдаған тұста, алды- 
мен, түрік тілдерінің туыстас дыбыстық табиғатына 
орай бәріне ортақ болып келетін ұлттық дыбыстық 
ерекшеліктерді бір-біріне ыңғайластыра жақында- 
тып, бірге таңбаланатын дыбыстардың мейлінше 
унификацияланып, бір ізге түсуі арқылы түбі бір 
туыс халықтар бірін-бірі тез оқып, тез ұғыныса ала- 
тын жолға бағыт алып, рухани тұтастыққа бастар еді.


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Бірақ бул әрекетке кедергі жасап, көлденең тұратын, 
түрлі саяси айла-тәсілдерді жамылып бүркемеле- 
нетін ішкі, сыртқы қаскөй қарсылықтардың болатыны 
да рас. Өйткені бүкіл тарихи тәжірибемізде сыннан 
өтіп, түрік халықтары осы саладағы сан қилы амал- 
айлалардың ащы дәмін татып келсе, біз, қазақтар, 
соның тозағынан аман шыққан жаны сірі, мың өліп, 
мың тірілген жасампаз халықпыз. Қазақ елі тарихта 
жазу таңбасын бес рет өзгертуге ұшыраған әлемдегі 
санаулы өлермен халықтардың бірі саналады.
Түбінде түркі халықтары 
үшін жаңа жазу 
таңбасын қабылдаудың бүгінгі талабы 
латын жазу
таңбасына 
түсіп тұр. Бірақ біз орыс жазуы мен орыс 
тілінен қол үзбейміз. Өйткені ол отандас әрі тари- 
хи тағдырымыздың бір бөлшегі болып келуі себепті 
және сырттан алынатын ғылыми-технологиялық, 
саяси-әлеуметтік ақпараттың бәрі де әзірше осы 
орыс тілі арқылы алынатындықтан, оған деген 
қажеттілік күн тәртібінен түспейді. Ал латын жазу 
таңбасына келсек, оны қабылдау, қолдану тәжірибе- 
сі - түрік халықтарының басынан өткен танымалы 
құбылыс. Латын жазу таңбасын біз он жыл бойы, 
яғни 1930-1940 жылдар арасында қолданып келдік. 
Ол жазу таңбасын түрік тілдеріне ортақ таңбамен 
қабылдасақ, халықтарды бір-біріне жақындастырып, 
рухани тұтастыққа бастар еді. Бізге айрықша керегі 
де осы жол болып отыр.
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бүкіл Орталық Азия экономикалық интеграциясына 
мән беруінде, бізді экономикалық ықпалдастықпен 
бірге рухани тұтастыққа да жетелеуінде айтарлық- 
тай мән-мағына жатыр. Әрине, арғы рухани тари-


182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет