Сана қалай орыстандырылды?
қаша түрде шолып өтумен шектелеміз. Өткеннен
тарихи сабақ алу - саналы ұрпақ атаулының па-
рызына айналары да шындық. Бүгінде бүкіл әлем
халқына танымалы қазіргі түрік тілді халықтардың
түп аталары болып саналатын ғұн, сақ, үйсін,
қаңлыларды ң б.з.д. ғасырлардан бастап,
У-\/\\\
ғасырлар арасында мемлекеттік тұрғыдан қолда-
нысқа түскен жазу таңбалары бір сөзбен ойма жазу
(тасқа қашалып жазылуы себепті) деп аталды. Оның
шығу төркіні ру таңбаларында жатқаны ғылыми
әдебиеттерде айтылып та жүр. Әлемде монотеистік
дүниетаны мға тұңғыш рет келген түріктер «А»
сызықты жазудың оқылуына орай тұңғыш өркение-
тке қолы жеткендер де солар екені туралы тарихи
жаңа таным ұсынылып отыр (А. Айзахметов «Проис-
хождение тюркского мира», Тараз, 2004).
Есік
қорғаны нан
табы лған
алтын
киімді
жауы нгердің күміс тостағаны на шекілген жазу
таңбасы б.з.д. бесінші ғасырға қарай меңзесе,
соңғы кезде археологиялық қазба жұмысы арқылы
Монғолия жерінен табылған ғұндардың жазу таң-
басымен таңбаланған мойынға тағатын алқадағы
«сеңгір» сөзінің оқылуы мен ғұндар жазуының
тікелей мұрагері түрік халықтары екені нақтылы
дерек көзімен дәлелденіп отыр. Бұлардың бәрі де
археологиялық зерттеудің нәтижесінде табылған
заттай деректер болса, ғұндарды ң өзіне тән
қалыптасқан жазу таңбалары болғандығы қытай
тілінде жазылған еңбектерде де айтылады. Мыса-
лы, б.з.д. 192 жылы қытайша жазылған «Тарихи
естеліктер кітабында»: «Мәді Тәңір құты дәуіріне
келгенде, ғұндар күшейіп, жазу қолдануды жолға
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қойған, сол арқылы соңғыларға үлкен мұра қал-
дырған» (Егеменді Қазақстан, 07.07.1991) деп
нақтылы әрі бұлтаруға келмейтін тарихи деректер
көзін ұсынып отыр.
Ғұндар ойма жазудың әріп таңбаларын ойлап
табумен ғана шектелмей ол жазуды күнделікті
тұрмыста пайдаланумен бірге, оны мемлекеттік
деңгейге
көтеріп,
қоғамды қ қары м -қаты насты ң
бар саласында қолдануды арнайы түрде жүзеге
асырғаны мағлұм болып отыр. Түрік қағанаттары
тұсында қолданылған ойма жазу ескерткіштері де
осы ғұндар пайдаланып, жазу қалпына түсірген
жазудың жалғасы, яғни келер ұрпаққа рухани мұра
ретінде қалдырған ата дәстүрі екендігі бұл күнде
талассыз пікірге айналғаны мәлім.
Б.з.д. бес жүз жыл бұрын ойма жазу Сібір
өлкесінен Венгр жеріне дейінгі дала төсінде кең
өріс жайған. Дүниеге таралған көне жазулардың
бірде-бірі ойма жазумен географ иялық ауқымы
жағынан теңесе алмайды. Әрине, ойма жазу да
басқа таралған жазулар тәрізді бір күнде пайда
болып, бір күнде қолданысқа түсіп кете алмаған.
Оның да тұрмысқа енуі ұзақ уақытты қамтыған бол-
са керек. Ө йткені өзіндік эволю циялық даму,
қалыптасу кезеңінен өткен өзіндік қайталанбас да-
му, қалыптасу жолы бар ерен мәдени құбылыс.
Ойма
жазу
мемлекеттік
қары м -қатынастың
деңгейіне көтеріліп, осы жазуды тұтынып отырған
түркі халықтарының атадан балаға, баладан не-
мереге, яғни ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі жалғастық
тапқан рухани қазынасына айналған. Осы себепті
де отаршыл атаулының бәрі де саяси-идеологиялық
144
Достарыңызбен бөлісу: |