138
Жер қалай орыстандырылды?
4.
Енді бір ойланып пікір алысатын нәрсе -
микротопонимдерге кісі
аттарын қойғанда не олар-
ды өзгерткен кезде оған кісінің фамилиясы, әкесінің
аты, өзінің аты түтас алынбай, тек қана атымен ғана
аталған жөн тәрізді. Бұл халқымыздың дәстүріне
де сай келеді. Мысалы Бауыржан Момышүлының
көшесі, не Мұхтар Әуезов кеңшары деп атау әбестік.
Өйткені қазақ елі ғасырлар бойы ақынды, батырды,
қолбасшыны әкесінің атымен атамайды,
керісінше
сол кісінің өз атымен ғана атайды. Тіпті, осы
дәстүрдің жалғастық тауып келе жатқанын абайтану,
жамбылтану, сәкентану деген ғылым саласындағы
жеке пән атауларынан да көре аламыз. Егер олар-
ды Құнанбаевты тану, не Жабаевты тану десек,
жабайылық танытқандай сезілер еді.
5.
Елді мекен, жер
атауларына қойылып келген
отаршылдық, тоталитарлық рухтағы топонимдерді
бастапқы қалпына, яғни халықтық топонимикаға
ауыстыру жолында құйтырқы саяси айла амал-
дар да бой көрсетіп жүр. Оларды батыл өзгертуге
«заңды» сияқты болып керінетін қарсылықтар да
туып отыр.
Яғни о баста заңсыз жолмен, яғни
зорлық-зомбылықпен, халықтың еркінен тыс, күшпен
тізеге басып қойылған отаршылдық, тоталитарлық
топонимдерді енді келіп референдуммен, халық-
тың пайыздық санымен
шешу керек дейтін заңсыз
талаптар
пайда
болуда.
Мысалы,
Голощекин
атындағы станцияны дауысқа салып, бұрынғы
халықтық тарихи атын бермей, оны «Зауралья» деп
атау немесе тарихи қалыптасқан Ақмола атауын
қайтару жолында «Сенеді мал басының молдығына»
дегендей жат мінез танытқандарды да көрдік.