Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет66/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
131
(Өзбекстан мәдениеті мен енері. 1988, 1 сәуір), -
деп қадай айтуында үлкен шындық белгісі жатыр.
Ж оғарыда айтылған ойға байланысты мына 
екі нәрсеге назар аударып көрейік: біріншіден, 
революцияға 
дейінгі 
отарш ы лды қ 
мазмұндағы 
топонимидердің Қазақстан картасында осы күнге 
дейін сақталып, өзгеру орнына көбейіп ірілене 
түсуі - біздің дүниетанымымызға, идеологиялық, 
таптық мақсатымызға мүлде қарама-қарсы жат 
құбылыс емес пе? Не себепті біз мұндай рухани 
жат құбылысқа жауырды жаба тоқып, тоғышарлық 
құлықпен, немесе белгілі ақын Е. Евтушенко күйін- 
ген көнбістікпен үнсіз қала береміз.
Екіншіден, Кеңестік қоғам қайраткерлері мен 
өнер саңлақтары атына қойылған елді мекен, жер 
атауларын орынсыз, қажетсіз тираждап көбейту 
(яғни бір атаудың 20-дан 195-ке дейін қайталануы) 
ақыры бара-бара топоним икалы қ сауатсыздыққа 
ұрындырып отырғанын айта кетуіміз керек.
1930-1940 ж ы лдар аралығындағы
қасіретті 
трагедиялық жағдай 1934 жыл мен 1940 аралы- 
ғында 19 840 000 адам халық жауы ретінде 
ұсталып, соның 7 милионы атылып кетуі мен кейінгі 
тоқыраушылық қоғамның мәдени-моральдық, интел- 
лектуалды рухани дәрежесін мүлде төмендетіп 
жіберді. Партияның, әрбір ұлттың мақтанышы болған 
рухани дәрежесі биік тобы тұтастай репрессияға 
ұшырап, жойылып кетті. Халықтың рухани қаймағы 
сыпырылып алынған соң, олардың орнын өзінше 
ойлай білмейтін әпербақандар, лауазым үшін 
қандай да болсын құлықсыз істен таймайтын кейбір 
мансапқорлар мен тоғышар атқамінерлер басты.


132
Жер қалай орыстандырылды?
Осы себепті де бүлар халықтың тарихи есінің аса бір 
өзекті саласы - топонимикалық атаулардың сапы- 
рылысып кетуіне салғырт қарап, көнтерілік көрсетті. 
Соның бір айқын дәлелі - тың және тыңайған жерлер- 
ді игеру тұсында сан мыңдаған микротопоним- 
дердің оры нды -оры нсы з өзгеріске ұшырауы -
орталықтың шын ниетін риясыз ашық керсетті. 
Қазақтар үшін бұл мәселенің, яғни келеш екж асұрпақ- 
ты жаппай мәңгүрттендірудің саяси идеологиялық 
негізі 1925-1927 жылдарғы Голощекиннің Сталинге 
жазған қызмет хатында, оны Сталиннің ресми түрде 
қол қойып бекітуінде жатты.
Осыған орайлас құбылыс БАМ-ды салу үстінде 
де кездесті. БАМ темір жолыңца екі жүздей станция, 
қала, елді мекендер салынғанда, оның атын «өзіміз 
қалауымызша қоямыз» деген әпербақандық үндер 
көтеріліп, бұл жағы мсы зәдеттікелейорталы қты ңара- 
ласуымен, ара түсуімен ғана тоқтатылды. Қоғамдық 
пікір халық тіліндегі жергілікті топонимикалық ата- 
уларды аса бір зәру жағдайлар болмаса, орын- 
сыз өзгерте беруге қатаң ескерту жасады. Өйткені 
микротопонимдерді езгерту сол араны мекендеген 
жергілікті халықтың тарихи есіне нұқсан келтірер еді,
Шындық атаулының бәрі де салыстырып барып 
танудан шығады. Осы тұрғыдан қарағанда, бізді 
қалалардағы қойылған көше аттары да алаңдатып 
ойландырады. Мысалы бір кезде республикамыз- 
дың тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының 
көше аттары құрамында бірде-бір қазақ атауының 
орын алмауы қалай? Өйткені бүгінде ел аузында 
мысқылмен айтылып жүрген «Көшенің аты көкеме, 
Ауылдың аты атама» деген сөздің астарында




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет