128
Жер қалай орыстандырылды?
астарлы мән-мағына жатыр. Бұл тұжырымды ғалым
географиялық елді мекен,
жер атауларының бәрі де
бір рет аты қойылып, тұрақты құбылысқа айналған
соң, өзгеріске жиі түсе бермей байырғы қалпын
сақтаса, тілдің көне қабатындағы айтылу түрін,
көне үлгісін сақтаумен бірге сол халықтың басынан
өткен тарихи оқиғалардың да айтулы бір белгісі
ретінде халықтың тарихи жадын толықтырып жан-
дандыра беретін рухани
аккумляторы іспеттес аса
қастерлі баға жетпес қазынасына айналарын танып
білгендіктен айтып отыр.
Патриот, адал ойшыл ғалымдар, әсіресе, атақты
Бируниден бастап, елді мекен, жер атауларын өткен
тарих сырларын топонимикалық атаулар арқылы
бір ұрпақтан бір ұрпаққа
жеткізер өткізгіштер сияқты
жалғастық табатын қастерлі дәстүр ретінде бағалап,
оларды езгерту өткенін хабарлап мағлұмат берер
тарих тілін кесумен бірдей саналатын аса қауіпті
құбылыс болуы себепті бұл мәселеге шешуші мән
бере қараған.
Кейде бір елді мекен, жер атауының түп төркіні,
егер тарихын танып ашу үшін үңілер болсақ, ойға
оралмас ғажап тарихи оқиғалар желісін алдыңа
жайып, үш ұйықтасаң түсіңе
кірмейтін дерек-мағ-
лұматтарды көлденең қоятыны бар. Мысалы, Жам-
был облысы Мерке ауданындағы Аспара деп ата-
латын ауылдық кеңесті Акерменский деп өзгертудің
себебін біле алмадық. Ойланбай, алды-арты-
на қарамай өзгерте салған керенау кісілер осы
Аспара сөзінің астарында қандай тарихи оқиғалар
желісі керініс тапқанын білді ме екен?
Немесе Май
ауданындағы Ж алтыр аталып келген ауылдық