136
Жер қалай орыстандырылды?
Ендігі жерде топонимикалық атауларды аса зәру
қажеттілік туған жағдайда болмаса, жаппай сыпы-
ра өзгеріске үшыратуды тоқтату қажет,
яғни бұл
мәселені реттеуге тарихи танымы терең, өз ісіне
жетік, азаматтық, интеллектуалдық дәрежесі биік
жауапты кісілерден құралған арнайы комиссия ғана
өкілетті болуға тиіс. ¥лан-байтақ өлкеміздің тарихи
телқұжаты болып қалыптасқан топонимикалық атау-
лар халықпен бірге жасасуы керек.
«Кім ойлап,
кім атаған мұның бәрін,
Әрине, ол періште емес, осы халық», -
деп ақын тілімен айтылған осы бір аталы пікірде
тарихтың жасаушысы әрі оның шын қожасы - халық
деген терең мағыналы шындық пен таным жатқан
жоқ па?
Ж оғарыда баяндалып айтылған ой-пікірлерді
жинақтай келіп тұжырымдағанда шығатын кейбір
ой-түрткі ұсыныс-пікірлерді көпш ілікталқы сына салу-
ды қажет деп білемін. Олар:
1.
Бүкіл ТМД елдеріндегі
сияқты біздің қазақ
жеріндегі отаршылдық, тоталитарлық рухтағы елді
мекен, жер атаулары да сөзсіз өзгертіледі. Өйткені
бұл - уақыт, заман талабы. Бұл іспеттес топони-
микалық өзгерістер Венгрияда, Болгарияда, Поль-
шада әлдеқашан болып өтті. Тіпті,
ең артта қалды
деген аф рикалы қ мемлекеттер де өз жеріндегі
отаршылдық рухтағы елді мекен, жер атауларынан
әлдеқашан-ақ құлан таза құтылып, бастапқы тарихи
атауларын қалпына келтірді.
2.
Біздің елімізде бұл үдеріс қатқан мұздың сеңі
тұңғыш рет бұзылғандай енді ғана қозғалысқа түсе
бастады. Бұл салада біздің қоғамдық пікірімізге де