Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет76/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
151
таңбаларын сыртқа теуіп, оны араб жазуымен алма- 
стыру арқылы сол халықтың жаңа буын жас ұрпағын 
екі-үш ұрпағы алмасқан соң өткен тарихи жадынан 
айыруды, осы арқылы жергілікті халықты өткенін 
ұмыттырып, мәңгүрттендіруді көздеген.
Жаңа буын жас толқынның өз атамұрасы болған 
ойма жазуды оқи алмауы, келе-келе ойма жазумен 
жазылған атамұрасын оқи алмауы, рухани қазына 
көздерінен мүлде қол үзуі, ұмытуы олардың өткеніне 
салғырт, өз тарихына селқос қарауына алып келеді. 
Мұндай қатыгез алдамшы саясат оларды өткен 
тарихы мен ана тіліне, діліне қалай болса солай 
бейтарап қарайтын мәңгүрттік қалыпқа түсірмей 
қоймайды. Қандай түрде болса да отаршылдық сая- 
сат атаулының көздейтіні осы түпкі мақсаттан еш 
уақытта да алыс кетіп көрген емес. Бұны Ресей 
империясының отаршылдық саясатының қанды қол 
тарихы да айны қатесіз көз алдыңа елестетіп оты- 
рады.
Уақыт өте келе Тұран өлкесіндегі араб импе- 
риясының ыдырауына байланысты өз алдына 
тәуелсіз мемлекеттерге айналса да, атамұрасы -
түр іктік 
дүнитаны м ы нан 
айырылып, 
ислами- 
ят идеологиясы ның шеңберінде, мұсылманды қ 
дүниетаным жолында қала берді. Ал араб жазуы 
мың жылға жуық уақыт бойы өмір сүріп, біздің 
елімізде 1930 жылға дейін жетті. Түркі халықтары 
өз атамұрасы болған ойма жазумен жасалған 
атамұрасын оқи алмай, тіпті, одан мүлде бейха- 
бар қалып, таза мұсылмандық қалыпқа түсіп кетті. 
Алғаш 
рет 
маригиналды 
санаға 
отырықшы 
тұрмыстағы түрік халықтары молырақ шалынды,


152
Сана қалай орыстандырылды?
бұл дертке көшпелі дала халықтары шалынса да, 
олар тіпті XIX ғасырдың соңына дейін қос дінді 
қалпын сақтап келді.
Араб жазуыны ң шеңберіне тартылған халық- 
тардың бәрі де өткен тарихы мен өзіндік руха- 
ни қайталанбас қазына көздерінен бейхабар күйде 
қала берді. VIII ғасыр мен X ғасыр арасында араб 
тілі, кейін парсы тілі Орталық Азияда ғылым 
мен әдебиет тіліне айналып, ж ергілікті түркі 
халықтарының тілі тағы да тұрмыс тіліне, үй ішілік 
тілге ығыстырылды. Ана тілінде көркем шығарма жазу 
дәстүрден шығып, ол тілде шығарма жазушыларға 
менсінбей қарау пиғылы орнықты.
Жазу таңбаларының өзгеруі, араб жазу таңба- 
лары жергілікті халық тілінің ішкі заңдылығына, 
табиғи дыбыстық ерекшелігіне сай келмеуі зиялы 
қауымды талай ойландырып, тіпті, жаңа жазу 
таңбаларын жасау әрекетіне де алып келді. Мыса- 
лы Бабыр түрік тілінің өз жазу таңбасын қайта 
жасап ұсынса да, рухани дін басылары ол әрекетті 
сыртқа тепті. Араб, парсы тілінің түркі халықтары 
әдебиетіне үстемдік етіп, жергілікті тілді менсінбей 
қарауына ғылым, өнер қайраткерлері қарсылық 
жасап, келісімсіз күреске шықты. Мысалы, түріктілінің 
құқын қорғау жолына түскен ақын Ж. Баласағұни, 
сопылық поэзияның классигі Ясауи және Бабыр
Әлішер Науаи, Әбілғазылардан қалған зор рухани 
қазыналардың дүниеге келуі - түрік тілінің абро- 
йын аспанға көтерді. Мысалы, Ж. Баласағұни өзінің 
ұлы туындысы «Құтадғу білік» дастанын ана тілінде 
жазуды мақсат тұтқанын:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет