Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет79/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

алапат үшінші иіріміне 
тартылды. Еуро- 
па мен Евразияның алапат тарихи иіріміне тартылу 
күші бүгін де сол қалпында тұр.
Қазақ жерін тұтас отарлау мақсатын жүзеге асы- 
ру үшін қытай империясы мен батыстағы орыс 
империясы екеуі де осы өлкеге көптен бері көз тігіп, 
ерекше назар аударып, әр қилы ғылыми, әскери 
барлаулар арқылы дала тынысын бақылап, арнайы 
де ре к-м а ғл ұм а тта р
ж инасты рум ен 
айналы сып 
жатты. Бұл өлкені жайлаған халықтардың саяси- 
әлеуметтік жағдайын, өткен тарихы мен рухани 
болмысын, өзара қарым-қатынастарын бақылауды 
күн өткен сайын күшейтті. Екі азулы империя да 
Тұран өлкесінің сыңсыған малы мен шалқыған 
байлығын, құнарлы жерін көп күш жұмсамай-ақ 
өздеріне бағындырудың оңай да олжалы жолдарын 
іздестірумен келді. Осы мақсат үшін бүкіл әлемдік 
отаршылдық айла-амалдың көп қырлы әрі ғасыр- 
лар бойы сыннан өткен айлалы тәсілдерін екшеп, 
жетілдіріп, жағдайға қарай пайдалану мақсатын 
ұстанды. Адамшылыққа жатпайтын айла тәсілдерді 
қолдану, керек болса түрік халықтарын жер бетінен 
сыпырып тастау мақсатынан екеуі де тартынбады...
Отарлаудың көп қырлы тәсілдерінің ішіндегі ең 
өзекті де жемісті буыны - «жабайыларды жабайы- 
лардың» қолымен қырып, тұншықтырып отыру, бірін- 
біріне айдап салып, бөлшектеп дүрліктіру, сырт- 
тан айнала қоршалған әскери бекіністер салып, 
келімсектерді қоныстандыруды көздейтін қытайдың 
«жапырақ әдісі» де назардан тыс қалмады. Отар-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
157
ланған елдің сатымсақ басшыларын шен-шекпенге, 
билікке жығу, тіпті, олардың ішкі ағайын-туыс ара- 
сында туындаған қайшылықтарына дейін пайдала- 
ну жағы да қолданыс тауып жатты. Әрі бүл әрекет- 
тердің бәрін культрогерлік сылтаумен бүркемелеп 
отыруды да ұмыт қалдырмады. Бұлар, әсіресе, Ре- 
сейдің отаршылдық саясатында ашық байқалды.
Бұл өлкені ғасырлар бойы сыртынан аңдып, 
аңысын бағып келген екі империяның өзара дипло- 
матиялық жолмен жүргізіп келген саясатының 
тәсілдері мен нәтижесін салыстыра қарап, талдай 
білетін кісіге айқын сезіліп тұрады. Қос империя да 
екі аралықта жатқан ұлы даланы жайлаған түрік 
халықтарының жауынгерлік рухынан, ұрандап тізе 
қосып кетсе, селдей қаптап, таптап кетер жауынгер- 
лік дәстүрінен сескенді. Бұлардан құтылудың бір- 
ден-бір төте жолы - ол елдердің арасында бірде 
күшейіп, бірде әлсіреп отыратын өзара ішкі қай- 
шылығын пайдаланып, араларына от жағып шағыс- 
тырып, тасада тұрып таластырып, біреудің қолымен 
от көсеу саясаты қызу түрде қолға алынып, жүзеге 
аса бастады.
Екі империяның да көктен іздегені жерден табыл- 
ды. Сол тұста Орталық Азияны дүрліктіріп тұрған 
саяси-әлеуметтік әрі қарулы күш - қалмақтар мен 
қазақтардың арасындағы өріске таластың өршіп 
тұрған, ұшқын атса лап етіп өртенуге даяр тұрған 
шағы еді. Олар бұл халықтардың екі арадағы жер 
таласын пайдалану арқылы-ақ бірін-біріне қырғы- 
зып, бұдан аман қалғандарын әскери қарулы күш 
шақырмай-ақ өз қолдарымен тұншықтырып ұстау 
саясатының жолдарын іздестіріп жатты. Әрине, бұл


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет