Байланысты: myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
Сана қалай орыстандырылды? сүғына кіру арқылы
соғыс отарынан жер отарына ауыса бастады.
Екі империя жер отарлаудың қызығымен бір-
бірімен бетпе-бет кездескенде, өзара келісім шарт-
қа отырып, екі арадағы шекараны анықтап, ресми
түрде картаға түсіріп, тиісті үлесін алып тарасты.
Енді отаршыл екі империя да өз мүдделеріне орай
жаңадан отарланған жерлерде аспай-саспай өз
саясаттарын жүзеге асыру жоспарын құрып, жер
отарына асықпай кірісе бастады. Саяси мақсат
тұрғысынан қарағанда да екі отаршыл империяның
ел билеу жүйесіндегі айла-тәсілдері бірыңғай, бір-
біріне егіздің сыңарындай ұқсас келіп, бірін-бірі
толықтырып, бір-бірінен отарлаудың саяси са-
бақтарынан тәжірибе алып, айла-тәсілдерін үйреніп,
тәжірибе алмасып, онысын жүзеге асырып жатты.
Ал Ресей империясы қазақ жерін бір жарым ғасыр
ішінде әрең отарлап алған соң, асау тұлпардай бұла
өскен еркін халықтың арқасынан сипалай отырып,
біртіндеп қазақтардың ел билеу жүйесіне реформа-
лар жүргізіп, енді оларды экономикалық әрі идеоло-
гиялық жағынан меңгеру жолына шындап кірісті.
1862 жылы шілденің бесінде Александр патша
қол қойған раскриптінде екі мәселеге айрықша мән
берілді. Ол қазақ арасында ел билеу жүйесінің
отарш ылдық пиғылдағы жаңа жүйедегі рефор-
масын жасауға кірісу мен келешекте қазақтарды
шоқындырып орыстандырудың ұрымтал төте жол-
дарын қарастыру болды. Бұл кезде қазақ жерін үш
өлкеге жара бөліп, олардың әрқайсысына ел билеу
жүйесінің бір-бірінен бөлектеу түрлері енгізілді.
Мысалы, кіші жүзге
сұлтан правительдік жүйе,
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?: 161
орта жүзге
аға султандық жүйе енгізілді. Бул тұста
ұлы жүз жері Қоқан хандығының билігінде болуы
себепті