Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ды жүзеге асырды. Студенттердің революциялық
қозғалысын түншықтыруға кіріскенде, В. И. Ленин
«Бюрократтықтың белгісі» деген арнайы мақаласын
жазып, оны бүкіл дүние жүзі алдында әшкерелей
таңбалаған болатын-ды. Міне, осындай ап-анық
тарихы бар Ванновка селосының атын өзгертуге
жүректері дауаламай жүрген аудан басшылары не
ойлады екен?
Ал Вознесеновка селосы 1902 жылға дейін
Шитөбе атымен келді де, осы жылы Черняев
оязындағы атақты священник Дмитрий Вознесен-
скийдің 1868 жылдан бастап қазақ балаларын
шоқындыратын миссионерлік мектеп ашып, бүкіл
уездегі шіркеулерді салуға жан сала кіріскен еңбегі
аса жоғары «бағаланып», бүрынғы Шитөбе соның
атымен аталып кете барды. Тіпті, оны аспанға
көтере мақтаған мадақ сөзді Верный қаласының
священнигі Яковлевтің осы қалада 1912 жылы
жарық көрген «Түркістан өлкесіндегі шіркеу емірі»
деген кітабында да айтқан.
Ж амбыл облысы Жуалы ауданындағы Сам-
соновка селосы да Түркістан өлкесіне генерал-
губернатор болып келгенде, болыстыққа тек орыс
тілін білетін бүратаналарды сайлау идеясын үсы-
нып, соны жүзеге асырған генерал Самсоновтың
атына қойылған болатын-ды. Ал Жамбыл облысын-
дағы Гродеков деген елді мекеннің аты да Түркістан
өлкесінің генерал-губернаторы фон-Кауфманский
қайтыс болған соң, соның орнына жіберілген патша
өкіметінің ең сенімді де тәжірибелі, саясат ісіне жетік
генералы Гродеков есімімен қойылған. Ол ру мен
руды таластыру, жаңа низам ережесінің аймақтық
122
Жер қалай орыстандырылды?
принципке негізделген болыстық жүйесін алдымен
іс жүзіне асырушылардың бірі болды. Түркістанды
отарлау жұмысында тәжірибесімен көзге түскен бұл
генералды патша екіметі тағы да қиын істе пайдала-
ну мақсатымен Амур өлкесіне генерал-губернатор
етіп жібергенде де, сол арада оның құрметіне елді
мекен, жер атаулары қойылып жатты.
Ресей империясының ең қанды қол, ұрда-жық
отаршыл генералдарының бірі Черняев болатын.
Генерал Черняевтың қанды жорығы Қазақстан мен
Орта Азия халықтарының әлі күнге есінде. Ертеде
Ш ымкент қаласын жаулап алған соң, ол қалаға да
Черняевтың аты берілді. Бұл атау революциядан
кейін бастапқы қалпына келтірілсе де, Өзбекстан
мен Қазақстан ш егарасы ның түйіскен жеріндегі
село («Красный Восток» ұжымшарының орталығы)
әлі күнге дейін Түркістан генерал-губернаторы
Черняевтің атымен аталуда.
Генерал Черняев Түркістан елкесіне генерал-
губернатор болып тағайындалғанда, оның түсінігінше
мәңгілікке отарланған табиғаты ғажап әрі бай Орта
Азия жеріне тек славяндарды ғана қоныстандыру
мәселесін көтеріп, жүзеге асыра бастады. Осы
өлкеге неміс қоныстанушылары келіп қалғанда,
оларды бір жерге топтастырмау үшін басқа болы-
стар ішіне таратып жіберуі де оның кім екендігін
айғақтайды. Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялы-
лары мен шет елдердің демократиялық ниеттегі
адамдары Черняевтің қанды жорықтағы қатыгез
қылықтарын әшкерелеп жатқанда, Ресей буржуа-
зиясы: «Черняев - Түркістан өлкесінің бар қазына,
байлығын біздің қолымызға алып берген Орта Азия
|