116
Жер қалай орыстандырылды?
Көшпенді ел қазаққа жер жоқ десіп,
Қазақ жерін мүжыққа берді кесіп.
Шариғатсыз, низамсыз зорлықпенен,
Ауыр тауды мойнына ілді тесіп...
Переселение
деген мекемеге
Айла, сұмдық үйренсін келіп ілбіс, -
деген елең жолдарынан осы айтылған сөздің ішкі
мағынасын ашып, талдап түсінген саналы жанға
сол кездегі саяси-әлеуметтік, ұлттық теңсіздіктің
қосқыртыс қатпарлы
сырлары тереңдеп ашылып,
бар шындықтың болмысын риясыз дәл көрсетеді.
Бір ғана «Переселенческий контордың» бар болмы-
сын ашып беруі, ілбістік сұмдығын әшкерелеуі неге
тұрады?
Черняев уезіндегі бір ғана болыстық учаскені
мысалға келтіру себебіміз,
бұл маңдағы отаршылдық
мазмұнда қойылған топонимикалық атаулар бүкіл
қазақ даласына ортақ құбылыс болуында жатыр.
7
.
Қазан революциясынан кейін жаңа орнаған Ке-
ңес үкіметі географиялық жер атауларын лениндік
ұлт саясаты негізінде жүргізе бастады. Патша-
лы Ресей заманында зорлықпен күштеп таңылған
отарш ылдық мазмұндағы елді мекен атауларын
бастапқы табиғи қалпына түсіру
әрекеті жергілікті
езілген ұлттың мүддесіне орай жүргізілді. Бұл саясат
негізінен үш бағытта жүргізілді деуге келеді:
1.
Халықтың тілегіне сай, бұрынғы патша сара-
йындағы императорлар мен ұлы кінәздардың, монар-
хияшыл мемлекет қайраткерлерінің атына қойылған