«Табиғат сырлары» тақырыбындағы облыстық қашықтан сурет байқауының ережесі жалпы ережелер



Дата19.12.2021
өлшемі16,61 Kb.
#103530
Байланысты:
15-хатка косымша Табиғат сырлары ереже


«Табиғат сырлары» тақырыбындағы облыстық қашықтан сурет байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Табиғат сырлары» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.



Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:   Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, қиялын дамыту. Табиғат көрінісін бейнелеудің үлгілерін үйрету, байқағыштыққа, қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылар дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

-қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру;

-кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, көркемөнер білімінің сапасын арттыру,

-шығармашылықпен айналысатын педагогтерді ақпараттық қолдау, көркем шығармашылық саласындағы балалармен жұмысын жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибе алмасуы.

Байқаудың талаптары:

  • Жұмыс А3 пішінді қағазда, гуашь техникасында орындалады.

  • Балалар белгілі тақырып бойынша композициялық сюжетті орындайды.

Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау мерзімі:14 қаңтар 2021 жыл.

Байқауға қатысушы туралы ақпаратта көрсетілуі тиіс:

1.Қатысушының аты-жөні;

2.Мектеп, сыныбы;

3.Байланыс телефоны.

kosymsha.bilim.bery@mail.ru эл.почтасына жіберілуі тиіс!

Жеңімпаз оқушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының I,II,III дәрежелі дипломдары және «Алғыс» хаттарымен марапатталады.

«Табиғат сырлары» тақырыбындағы облыстық қашықтан сурет байқауының қатысуға

ӨТІНІМ



р/н


Қатысушының тегі, аты, жөні
(толық)

Күні, айы, туған жылы

Тұратын жері,

(облыс, қала, ауыл, телефон)



Білім беру ұйымы, сыныбы, курсы

Қатысушы оқитын қызығушылықтары бойынша ұйым және бірлестік

Номинацияның аталуы

Жұмыстың аталуы

Жетекшісінің тегі, аты, жөні (толық), байланыс телефоны





























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет