Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет5/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
да аты аталған святой синод арнайы қүрып отырған 
миссия арқылы жүргізіп, жаңа дінді енгізудің ірі 
қайраткерлері: профессорлар Ильминский, Алекто- 
ров, Остроумовтар нақтылы аталып, Сібірдегі майда 
үлттардың бәрі күшпен шоқындырылып, сол үшін 
екі генерал-губернатор святой синодтың алғысына 
бөленгені т.б. саяси астары бар түбірлі де тамырлы 
әлеуметтік мәселелердің көбі түсіріліп, «Абай жолы» 
эпопеясы үшінші кітабының олардың жанама түрде 
ғана сипай соғып қайта жазылуында қандай себеп- 
тер жатыр?
Ә уелгісінде 
«Қорш ауда» 
(«Қазада») 
деген 
атпен берілген тарауда «миссия» жайлы саяси- 
идеологиялы қ астарлы мәселе жандарал мен 
Абайдың арасындағы әңгіме үстінде берілген. Осын- 
да айтылған нәрселердің бәрі де «Абай жолы» 
эпопеясының қайтадан жазылған үшінші кітабында 
«Шайқаста» деген тарау арқылы суреттелгенде жазу- 
шы тарапынан автоцензуралық тәсіл қолданылған.
Мұны анық танып, қанығу үшін алғашқы түпнұсқа 
мен «Абай жолы» эпопеясының үшінші кітабындағы 
«Шайқаста» деген тарауында айтылған оймен салыс- 
тыра қарайық: «...Павловтың өзі де орыс патшалығы 
мен православный шіркеу ұстаздары қазақ, татар 
сияқты елдерге қандай өрескел істер істейтінін 
жақсы біледі. Оған және Павловтың өзі де, дос тобы 
да өзгеше қарсы екенін Абайға білдіру керек.
Сонымен Павлов ең әуелі патшалық ісін сынады.
-
Имамдар, байлар қаланың кедейлерін, қыр- 
дың қараңғы халқын алдайды, адастырады. Оларға 
көзге шұқып тұрып көрсетіп, нені айтады? Мынау 
почтаның қасында, каланчаның жанында тұрған


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ақ шіркеуді керсетеді. Оңда кім бар, не бар? Бұл 
шіркеуді «миссия» деп атайды.., ал осы миссия- 
да кімдер тұрады? Үлкен дін басылары тұрады. 
Анау Омскідегі генерал-губернатор дәрежесіндегі 
Ақмола, Семей - екі облыстың дін басысы - эпис- 
коп Аңдриан осы қазағы көп Слободка қаласына 
әдейі кеп орнаған. Неге? Қазақтың, татардың халқын 
«шоқындырамын» деп келіп отыр. Осы жөнінде Пав- 
лов Абай білмейтін миссия ішіндегі көп сыр мен жай- 
ларды айтты.
Ақ шіркеудің жанында школ да бар екен. Соған... 
панасыз жүрген жас жетім балаларды алады. 
Бұл күнде отыздан аса қазақ, ноғай балаларын 
шоқындырып, оқытып, тәрбиелеп жүр, - деді...
Ивашкин... жетім бала Мекешті... миссияның 
интернатына береді... жаңағы балаға Бутин деп 
фамилия беріпті. Мекеш деген атын жоғалтып, 
Михаил, Мишка деп ат қойыпты (Жиырма томдық 
шығармалар жинағы, Алматы, 1980, 6-т, 363-364- 
беттер), - деп, қазақ елінің рухани ой көзіне айналған 
Абайдың өзі әлі де көзі жетіп сезіне алмаған, 
сезінсе де патша үкіметі саясатының отарланған 
бұратана елдерді дінге шоқындыру арқылы орыс- 
танды ру 
тәрізді 
өте 
жасырын, 
құпия 
түрде 
жүргізіліп отырған империялық саясатының аста- 
рына бойлай алмаған Миссия деп аталған діндар 
ұйымының бұратана халықтардың бірі - қазақтарды 
шоқындыруға бет алған патша саясатының түп 
төркіні мен басты мақсатын жете біліп отырған Пав- 
ловтар тобы миссионерлік әрекеттің мән-мағынасы 
мен көздеген түпкі мақсатын Абайға жанама түрде 
болса да сездірген әрекетін аңғарамыз. Өйткені


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет