22
Ел қалай орыстандырылды?
ресми саяси қүжат ретіндегі осы патша қолымен
жазылған раскриптіге сүйене отырып екі нәрсеге
айрықша назар аударылды. Оның бірі - қазақтардың
бәрін бірыңғай билеп-төстеудің жаңаша жүйесін
жасап, яғни «жаңа низам» деп аталатын ережені 1867
жылдан бастап өмірге нақтылы түрде енгізу мақсаты
көзделді. Екіншіден,
қазақтарды келешекте право-
славие дініне енгізудің бар мүмкіндіктерін қарастыру
арқылы көздеген орыстандыру саясатының түпкі
мақсатына меңзеді.
Өткендегі сыр бүгіп жатқан тарих қатпарларына
үңіле қарар болсақ, патшалық Ресей империясы өз
қол астына енген кеп тілді бүратана халықтардың
ғасырлар бойы түтынып келе жатқан жазуы мен
діни
нанымын істен шығарып, мүлде шоқындырып
жіберу саясатын тым ерте бастаған әрекетін XIV
ғасырдағы шуваш, мордва, коми халықтарының
тарихынан көреміз. Мысалы, коми халқынан шыққан
священик Стефан 1383 жылы епископ дәрежесіне
көтерілді. Ол орыс графикасы негізінде коми алфа-
витін жасап,
миссионерлік қызмет атқарды, неме-
се XVI ғасырдағы Ресейдегі Қасым хандығының
соңғы мүрагері Сайын Болатханның шоқынып, ез
атын өзгертіп Самсон атанғаны да тарихтан белгілі
жайт. Бүл шоқынған бүратана атаулының ата-анасы
қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп,
оның аты мен
фамилиясы жаңадан орысшалап қойылатын дәстүр
сол түста-ақ қалыптасқандығын аңғартады.
Ресей патш алығының ең сенімді идеология
майданының ең белсенді тобы - миссионерлердің
бар амал-айласы, күш-қуаты татар халқын шоқын-
дыруға жүмсалғаны тарихтан мәлім. Бұл мәселені