Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Комитет пленумдарының қарарлары мен шешімдері.
Алматы, 1985, І-бөлім, 595-6.), - деп арнайы түрде
көрсетіп өтуінде үлкен мәселенің түбірлі мағынасы
жатыр. Өйткені 1797 жылы келешек миссионер
кадрларды даярлауға айырықша мән беріліп, Қазан
рухани академиясының ашылуы, арнайы түрдегі
«орыстандыру палатасы» мен «переселенческий
контораның» дүниеге келуі - бәрі де алысты көздеген
әрі жан-жақты ойластырылған үстем тап идеоло-
гиясы мен жүзеге асырар саясатының нақтылы
көріністерін береді.
Патша өкіметінің үстанған осы саясатының
негіздерін жүзеге асыру саласындағы әрекет ерісінің
жүйесіне және де оның өзекті салаларына ой
көзімен қарар болсақ, олардың езі бірнеше буынды
бөліктерді қамтиды.
1
.
Алдымен, империядағы кеп тілді бүратана
халықтарды
түгелдей
шоқындырып,
оры стар-
мен кіріктіріп (слияние) жіберу мәселесіне шешуші
мән берілді, яғни оларды тілі мен дінінен ажы-
рату арқылы орыстандыру саясаты ұсталынды.
Осы мақсат тұрғысынан келіп 1869 жылы Мәскеуде
арнайы түрде миссионерлік қоғам ұйымдастырылып,
оған осы саяси идеологиялық мәселені жүзеге асыру
міндеті жүктелді. Әрине, патша үкіметі көп тілді
халықтарды орыс халқымен кіріктіріп жіберу үрдісін
күшпен ассимиляциялау арқылы жүргізуге бағдар
алғанда, бұл істегі ең шешуші әрі ең әсері мол күш
деп отарлаудың ең сыңнан өткен сенімді тәсілі
28
Ел қалай орыстандырылды?
қоныс аударушыларға көп үміт артты. Осы тұрғыда
1868 жылы «Переселенческий комитет» құрылып,
қызу іске кірісуі миссионерлік әрекетті қатты жандан-
дырды. Мұндай құбылыс АҚШ -та 1824 жылы «Бюро
Дело Инородцев» деп аталған еді.
Орыстандыру саясатын тікелей осы комитетпен
ұштастыра жүргізу қажеттігі анықталып, бұл іспен
тікелей айналысатын арнайы түрде құрылған «Обру-
сительная палатаға» тапсырылды.
Ресей им периясы ны ң бұратана халықтарды
отарлаудағы ең сенімді әрі нәтижесі тез көрінетін
әдісі - водворение,
яғни оры с ш аруалары н
бұратана халы қпен араласты ра қоныстандыру,
м үм кіндігінш е қоны стануш ы ларды ң санын жыл
өткен сайын молықтырып отырудың саяси аста-
рын жақсы ұғыну себепті де, бұл мәселеге шешуші
мән беріле қаралды. Шоқыңдыру, оры станды -
ру мәселесі де осы әдіс арқылы жүргізіліп келді
(В. П. Вощинин «Очерки нового Туркестана», СПб.
1914, С. 77). Бұл саяси әрекетті қазақ жеріндегі
генерал-губернаторлардың бәрі де жергілікті жердің
тарихи ерекш елігіне сүйене отырып аспай, саспай
әрі өте сақтықпен толассыз түрде біртіндеп енгізу
арқылы жүргізуді көздеді.
Бұл мәселе патша үкіметінің ең дәстүрлі әрі кең
тұрғыдан алдын ала ойластырылып келіп қолданған
саясаты болатын-ды. Мұның, тіпті, декабристердің
көрнекті екілі П. И. Пестель тарапынан да қолдау
тауып: «...барша халықтардан бір халық түзіп,
Ресейді мекендегендердің барлығы орыс болуы
тиіс» («Русская правда», СПб. 1906, С. 77), - деп
жазуы бұл түбірлі де дәстүрлі мәселенің саяси аста-
|