Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
топономикасы н
өзгертуге тырысады.
Мысалы,
бүкіл Түркістан аталатын
өлкенің көне тарихы-
на үңілсек, Көктәңірге табынып, көне түрік жазуын
қолданып келгенін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, осы
тума мәдениет алғаш рет VIII ғасыр ішінде араб
басқынш ыларының тарапынан түбірлі қудалауға
ұшырап, ислам идеологиясымен, ал көнетүрікж азуы
араб жазуымен алмастырылды. Әрине, көне тәңірлік
таным
зорлы қ-зомбылықпен,
қарудың күшімен
тарих сахнасынан ығыстырылды. Яғни түрік
тілді
халықтар енді өткендегі ата салты, ұғым-нанымы
мен жазба мәдениетінен көз жазып қалғанын, оның
қайта тумастай болып тарих бетінен өшірілгендігін
ұлы ғалым Бируни өкси отырып еске алады.
Кеңес елінде халықтарды ң ғасырлар бойы
қолданып келе жатқан жазуын өзгерту мәселесі
В. И. Ленин қайтыс
болған соң қызу қолға алына
бастады. Алдымен түрік тілді халықтардың қалып-
тасқан араб алфавитін кириллица жазуымен алмас-
тыру мәселесі жедел қолға алынды. Бұл бір кездегі
қоғамдық пікірде латын алфавитін: «...бүкіләлемдік
коммунистік қоғамның алфавиті» деген қате ұғым-
ның орын алуына байланысты көтерілген еді. Жиыр-
масыншы жылдар ішінде латын жазуы түрік тілді
халықтардың жазуына айналып та үлгерді. Тіпті,
ерте кезден-ақ
православие дініне шоқынып, орыс-
ша жазуды қабылдаған якуттардың өзін қайтадан
латын жазуына көшірген солақайлықты да бастан
кешірдік.
Қазақ
зиялы лары ны ң
білікті
тобы
латын
алфавитін қабылдауға наразылық білдірді. Бұл пікір,
әсіресе, көрнекті филолог Ахмет Байтұрсыновтың