Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
туста қазақ жазуын бірден орыс граф икасының
негізінде алу туралы да үн көтерілген болатын-ды.
Бірақ бұл жолға түсер болсақ, мемлекеттік саясат
ретінде революцияға дейінгі жүргізілген орыстан-
дыру мәселесі еске түсіп, кері реакция тудыруы
мүмкін деп қаралды.
Осы себепті уақытша шегініс
жасап барып, пікір айтар саналы зиялылар тобын
тұтас сыпырып тастаған соң, қайта оралуды ойда
сақтаған саясатшылардың болғаны да рас. Уақыт
өте келе бұның шындық екеніне көзіміз жетіп отыр
емес пе? Өйткені түрік
тілді халықтардың жазуын
тұтастай орыс жазуына көшіріп, мектеп арқылы орыс-
тандыру саясаты Ресей империясының ғасырлар
бойы армандап, нақтылы әрекеттер жүргізіп, жүзеге
асыруға ұмтылған дәстүрлі саясаты болатын-ды.
Осы күрделі де қиын, аса нәзік астарлы мәселе
Кеңес үкіметі тұсында ғылыми институттарда ака-
демик Гордлевский тарапынан 1921 жылы қайта
көтеріліп ұсынылған еді.
Бірақ институт ғалымдары
бұл идеяны қабылдамай тойтарып тастады, яғни
жабулы қазан жабулы күйінде қалды.
Міне, жоғарыда баяндалған осы миссионерлік
идеяны жүзеге асыруды бір кездерде рухани семи-
нария шәкірті болған Сталин өзіне тән суық ақылдың
тезіне сала отырып әрекет етті, әсіресе, орыс жазуын
бірден алу түрік тілді халықтардың қарсылығына
ұшырауы мүмкін деп
уақытша латын жазуын енгізе
тұру керек деген кеңеске құлақ асып, 1930 жылы
латын жазуын қабылдатты.
Латын жазуын үйреніп, тіл мәдениетінің жетілу
жағы нашарлап, сауаттану жағы жетілмей тұрған
тұста 1937 жылдың тауқыметін жасап,
өзінше ойлай