Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қазақ тілінде басылған кітап жазуды тапсырады.
Әрі дәл осы 1862 жылдан бастап татар тілінде
басылатын кітаптардың бәрін де миссионерлердің
талап етуі бойынша, орыс алфавитін қолдана баста-
уы да мәселенің бір талап тұрғысынан қойылып
отырғанын айғақтайды. Осы тұрғыдан жүргізілген
әрі жан-жақты барлап байқау үшін
жасалған алдын
ала шаралардың бәрі де 1876 жылғы Орынбор
мәжілісінде қаралған мәселенің тамыры тереңде
жатқан астарлы саясатының сырын аша түседі.
Ильминский бастаған миссионерлік саясатты
іске асырушылардың бәрі, алдымен, қазақтарды
татарлардың
рухани ықпалынан бөліп алып, олар-
мен қарым-қатынас жасатпауға бар күшін салса,
осы
саясатты
ұстанған
Түркістанды
отарлау-
шы патша әкімдері ислам дініне беріктеу болып
келетін бұхарлықтардан қазақтарды ажырату, рухани
ықпалын таратпау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Осы себепті де 1880 жылғы 8 қарашада генерал-
адъютант фон Кауфман
Ағарту министріне жазған
жолдамасыңда көшпелі қазақ елін тезірек ассими-
ляциялап Ресеймен кіріктіріп жіберу үшін, олар-
ды Орта Азиялықтардан бөлек ұстаудың қажеттігін
атап өтеді. Бұл үшін қолданылатын саяси тәсіл
ретінде қазақтардың жазуын орыс жазуымен алмас-
тыруды көздеді, бұл
оларды діншіл рухани ықпал-
дан аулақ ұстауға қызмет етеді деп білді. Ал
Түркістанның танымал миссионер ғалымы Остроу-
мов болса, осы саяси мақсатты жүзеге асыру үшін
Түркістан өлкесіндегі қазақтар арасында атқары-
латын жұмыстардың желісін анықтай келіп: «...сбли-
жение туземцев с русским государством и русским