Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет22/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
дан басқа түрік халықтарының бәрі де мектепте 
алғашқы екі жылда өз тілінде, басқа кезеңце түгел 
орыс тілінде оқытылып, оқулықтар орыс алфавитінде 
болу керек деп табылды. Тарих тәжірибесі қай заман, 
қай уақытта болса да халықтардың ғасырлар бойы 
пайдаланып келе жатқан жазуын өзгерту мәселесі 
қаласын, қаламасын арнайы мақсат көздегенін, бұл 
қай кез болса да отаршылдық пиғылдан аулақ жатқан 
құбылыс еместігін айғақтап отыр емес пе?
3
.
Миссионерлік жолмен жіңішкелеп ш оқындыру 
арқылы орыстандырудың ең бір алмағайып тетігі -
жергілікті халықтардың ішінде аралас мектептер 
мен оқу орындарын ашудың өзінде миссионерлік 
мақсатты ұстанған саясатты көреміз. Осының бір 
көрінісі М. Әуезовтің: «...Бұл шіркеуді «миссия» деп 
атайды... Ақшіркеудің жанында школ да бар», -
дейтін ішіне қатпарлы сыр бүккен тезистік желідегі 
сөзінің арғы төркініне үңілер болсақ, көп ойлар 
сабақтауға болатынын, бұларсыз шындықты толық 
танып білудің өзі қиынға соғарын сезінеміз.
Миссионерлердің қолдауымен ашылған орыс- 
түземдік аралас 
мектептер 
мақсаты жағынан 
мұсылман мектеп-медреселеріне қарсы идеология- 
лық құрал ретінде үкімет тарапынан қолдау тауып 
отырды. Осы себепті де Түркістан өлкесінде аралас 
мектептерді орнықтырған ғалымдар: «...в Туркестан- 
ском крае был намерен держаться обрусительной 
политики при посредстве русской школы» (Кауф- 
манский сборник. М., 1910, с. 140), - деп орыстан-


Мекемтәс Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
дыру саясатында аралас мектептің атқарар рөліне 
ерекше мән беруінің белгілі сыры да болатын. 
Мүның мәнісін 1863 жылы Перовскі уезінде қазақ 
балаларына арналған мектеп ашылғанда, гене- 
рал-губернатор фон Кауфманның өзі арнайы келіп, 
орыс, қазақ балаларын араластырып оқытатын ара- 
лас мектеп болуын талап еткен. Өйткені бала- 
лар жастайынан аралас мектепте оқыса, олардың 
дүниетанымы 
мен 
м інез-құлқыны ң қалыптасуы 
шоқындыруға бейім, өз халқының рухани тамырынан 
қол үзіп, ұлт тағдырына селқос қарайтын деліқұлы 
жандар шығатынын білгендіктен талап еткен. Кауф- 
ман, әсіресе, қазақ қыздарын оқытуға шешуші 
мән беріп, оларды ана ретінде келешек ұрпақты 
миссионерлік мақсат тұрғысынан тәрбиелеуші бесік 
иесі деп қараған. Ал, бүгінгі күндерде Қазақстандағы 
аралас мектептердің арғы төркіні - осы миссионерлік 
мақсаттан туғанын, академик Аманошвили айтатын 
ұлттық рухы, ұлттық ерекшелігі жоқ, қазіргі кезде 
айыпталып отырған, ұлттық тамырынан қол үзген 
нигилистік пиғылдағыларды шығаратын жарымжан 
мектептер екенін кебіміз біле бермейміз. Ғылыми 
негізі дұрыс қойылмаған миссионерлік идеяның 
жемісі болған аралас мектеп үлгісін интернациона- 
лизмнің ұясы деп көкірек ұра желігетініміз бар.
Миссионер 
ғалым дар 
осы 
бағдарға 
орай 
оқытушы кадрлар даярлау ісіне де айрықша мән 
берген. Бұл салада Мәскеу, әсіресе Қазанның руха- 
ни академиясының орны белекше деп саналған. 
Қазанның рухани академиясында арнайы мақсат 
көздеп ашылған «мұсылмандыққа қарсы бөлімнің» 
(противомусульманское отделение) тұңғыш кафедра


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет