Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
па оқымыстылары Ильминский нүсқасын қолдайды.
Олар түрік халықтары өз тілдерінің фонетикалық
табиғатына үйлеспесе де, араб алфавитін өзгеріссіз
сол қалпында пайдаланып келеді. Бүдан
олардың
тіліне ешқандай зиян келіп отырған жоқ. Сол себеп-
ті орыс алфавитін де олар өзгеріссіз, ешқандай
қосымша таңбаларсыз каз-қалпында алуы керек
деген шешімге келді. Жоғарыда айтылған проф.
Остроумовтың талабы да осы ресми шешімнің не-
гізінен туындап жатқанына талас болмаса керек-ті.
Жалпы түрік тілді
халықтардың жазуын орыс
алфавитіне көшіру туралы ережені 1906 жылғы 31
наурызда өткен мәжілісте Екінші Николай патшаның
өзі бас болып қабылдатқан еді. Бірақ Ресей
империясындағы сол тұстағы саяси-әлеуметтік
жағдайдың қиындауына байланысты, орыс алфави-
тін бірден енгізуді жүзеге асыруға сескенді. Әзірше,
бүратаналардың бойын біртіндеп үйрете беру
үшін, орыс алфавитін
ресми құжаттар мен мектеп
оқулықтарында қолданумен шектелу қажет деген
қорытындыға келді.
Татарлар үшін де орыс графикасының негізіндегі
алфавитті Ильминский жасаған. Бұл Ильминскийдің
миссионерлік қызметінің қатты өрістеген тұсымен
шамалас келеді. Әрі бұл уақыт татарларды право-
славие дініне шоқындырып,
орыстандыру саясатына
қызу ат салысып жатқан қарбалас кезең еді.
Татарлар үшін жасалған орыс жазуының нұсқа-
сында татар тілінің табиғи ерекшелігі ескеріл-
мегендіктен, шоқынған татарлардың басын қатырып,
шала сауаттылыққа ұрындыратын кертартпа құ-
былыс болып шықты. Өйткені Ильминскийдің негізгі