Баяндама Ыбырай Алтынсарин Қабылдаған:Жусипов Бахыт Сайлаубаевич
Орындаған:Басығараева Ақзере
Тобы:6В01509
104-В 1 курс студенті Алматы 2024
Жоспары: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 2.1.Ыбырай Алтынсариннің шежересі
2.2. Ыбырай Алтынсариның Абаймен қарым-қатынасы
2.3Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасыныңқалыптасуы
2.4. Ағартушының педагогикалық қызметі
2.5. Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
2.6. Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі
3.Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе ЫбырайАлтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.Ыбырайинспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.Ыбырайорыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. 2.1 Ыбырай Алтынсариннің шежересі Балғожа би Балғожа Жаңбыршыұлы - би. ЫбырайАлтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. 1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал-губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа би Жаңбыршыұлы Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған. Балғожа Жаңбыршыұлы 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы «сотник», 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған.Ресей өкіметі тарапынан «Ынталылығы үшін» деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауызды мылтықты сыйға тартқан. Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған. Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор шекара комиссиясының пікірінше ол "адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де, өз руластары алдында өте беделді болған. Ол би ретінде Шығыс ордада ғана емес, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған".Ыбырайдың атасы Балғожамен бірге туған Ханқожаның Ақдәулет, Қылышбай деген екі баласы болады. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерісшілер қолынан қаза табады. Осыдан соң немересі Ыбырайды өз тәрбиесіне алған. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектеп - интернатына оқуға береді. Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешен-дікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып қанатын қатайтқан. Ыбырайда жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл турашылдық, шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде айқындала түседі. Қалай дегенде де Ыбырайдай ұл өсіріп, тәрбиелеген Балғожа есімі ұмытылмақ емес. Бірақ оның аты-жөні Қазақ Совет энциклопедиясына енбеген. Туған, өлген жылдары белгісіз.
Шеген би ЫбырайАлтынсариннің нағашы атасы. Шеген бидің өмірі, билік жүргізу мезгілі Тәуке хан заманындағы қазақ хандығының пісіп-жетілуі, нығайып аяғынан тұруы, тұтастығын сақтауы, көршілес елдермен тең өмір сүруімен тығыз байланысты. Шеген би (Шербұға) бабамыз 80-90 жылдай өмір сүрген болуы керек. Оның өмірге келген мезгілін ХВЫ ғасырдың аяғы не ХВЫЫ ғасырдың басы деп болжам жасайды. Атақты Шеген би аумалы-төкпелі, түсініксіздеу мезгілде өмір сүрген. 1680-1688 жылдар аралығында Тәуке хан тағына отырғанда Шеген Жеті рудың атақты билерінің бірі болғаны белгілі. Бірінші болып қойылған мәселе – елдің бірлігі. Тәуке хан билік жүргізудің бұрын болмаған жаңа түрін енгізуді ұйғарғаны болуы керек - бірінші болып Билер кеңесін құраған. Бұған қазақтың Ұлы жүзінен, Орта жүзінен, Кіші жүзінен бір-бір биден енген. Кіші жүздің атынан Шеген би сайланған. Шеген би Жағалбайлы тайпасынан шыққан, азан шақырып қойған аты – Шербұға. Түбі Мелде бидің ұрпағы. Ел аузында: «Елді ел еткен Мелде би» деген сөз қалған. Шеген сол замандағы ғылым мен мәдениеттің орталығы болған Бұхара, Самарқаннан тәлім-тәрбие алған. Жалпы, Шеген би туралы ел аузынан естігеніміз – оның мына төрт жол айтқан сөзі: Елдің емі далада, Даланың емі балада. Баланың емі анада, Тіршілік түбі Аллада. Профессор Аманжол Күзембайұлы «Қостанай жаңалықтары» газетінің 2008 жылдың 26 тамызында шыққан «Қоғамға қызмет ететін әділ би» деген мақаласында былай дейді: «…Би халықтың ашық даусымен сайланған. Егер би өзінің шыншылдығы жөнінде халыққа сенімсіздік білдірсе, онда оған адамдар барып шағынуды қояды және ол би биліктен шығып қалады.Шеген би неше түрлі сұрақтардың шешімдерін адалдықпен тауып беріп отырған. Әсіресе, жер көлемі туралы көп мәселелер шешімін тапқан. Ол кезде жайлау, қыстау, сосын мал ұстайтын қазаққа мал суару үшін өзен көлдің жағалауын жанжал шықпайтын қылып, қылдай етіп бөліп беру керек болған. Әр руға, тайпаға бөлінген жер арада алауыздық не өкпе тудырмаған. Бұл Шеген бидің шеберлігі мен оның әркімге тартпайтын шыншылдығын көрсетеді». Осы ғалым «Тарих өз өлкеңнің тарихынан басталады» деген мақаласында: «Шеген би өз мезгіліндегі ең ауыр мәселе – шекара белгілеу мәселесімен айналысқан. Бұл іске шыншылдығымен, қайсарлығымен, қажырлылығымен кірісіп, өзінің өмірімен қоштасқан. Орыстар қазақ жерін көбірек алып қалу үшін Шеген биді сатып алу мақсатында «сыйлық» деген атпен оған алтын алқа, алтын жүзік, алтынмен көмкерген шапан, қылыш беріп, «шекараны қайта қарасын» деп уәкіл адам жіберген. Сонда Шеген би оған: «Алтынан алқа, жүзік тағатын қатын емеспін, қылыш алатын жауынгер емеспін, шапан жабатын сұлтан емеспін», – деп сыйлықтарын қайтарып жіберген. Одан кейін Шеген биді ұстап алып, қамап көндіруге тырысқан. Көп ұстай алмайды, себебі бүкіл Алты алашқа белгілі, сұрауы бар. Босатып жіберген, бірақ ердің қасын, қанжығасын улап аттандырған. Содан уланып Шеген би қайтыс болған». Шеген биді сол кездегі қазақ хандығының орталығы болған Түркістанға, қазақтың ардақты адамдарының қасына жерлеуге алып шыққаны, бірақ сүйек бұзылып кететін болғасын, басқа жерге жерленгені баяндалады. Шеген биді қазақ хандығының бірінші заңының іргесін қалаушылардың бірі десек, оның оныншы ұрпағы, атақты заңгер, егеменді Қазақстанның алғашқы министрінің бірі Нағашыбай Шәйкенов Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Бірінші Конституцияның негізін салушылардың алдыңғы қатарында болғанын халық жақсы біледі.