Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
народов и народностей в лоно православной церк-
ви. Решение этой задачи взяли на себя православ-
ные миссионеры, которые
проходили курс специ-
альной подготовки в особых учебных заведениях
для овладения языком и ознакомления с бытом и
обычаями своих будущих подопечных (История изу-
чения тюркских языков в России. М., 1982, С. 207), -
деген терең ғылыми танымының салиқалы да сын-
шыл тужырымын ұстатады.
Отарланған
қазақ
даласы
мен
Түркістан
өлкесіңдегі бұратана халықтарды «идеологиялық
жағынан меңгеріп алу» үшін оларды шоқындыру,
орыстандырудағы аса жауапты мемлекеттік дәре-
жеде қойылып отырған саяси мақсатты жүзеге асыру
мәселесін Святой
синод миссионер ғалымдардың
қолына тапсыруды мақұл деп тапқан болатын.
Миссионерлік топ мемлекет тарапынан қажетті діни
оқу орындарымен, керегінше қаражатпен, баспасез
және материалдық игілікпен қамтамасыз етілді.
Қоғамдық пікірде олардың миссионерлік қызметін,
тіпті,
жеке басын марапаттап, «патриот» ретінде
дәріптеп танытуды да ұмытпады.
Қазан қаласындағы көптен бері қызмет етіп
келе жатқан духовный семинарияның миссионерлік
мақсатты жүзеге асыру мен осы жолдағы кадрлар-
ды көптеп даярлаудың орталығына айналдыру үшін
1797 жылдан бастап Қазандағы духовный академия
етіп өзгертілуі де алдын ала жүргізілген
даярлықтың
барысын көрсетумен бірге, идеологиялық саяси
мәселенің қаншалықты терең де өткір қойылып
отырғанын аңғартады.
Патша отаршылдары бодандыққа айналған