Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет29/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
шекаралық комиссиясында қызмет атқарған Иль- 
минский енді миссионерлік істі астыртын түрде 
қазақтар арасында жүргізуге қызу кіріседі. Өйткені 
қазақтар ислам дініне қүлай берілмей, ез ата-сал- 
тын мығым ұстауы себепті оларда діни фанатизмнің 
болмауы миссионерлік жұмысқа аса қолайлы жағ- 
дай жасап, жаңа дінге тез көндігетін халық деген 
тұжырымға келген еді. Мұндай таным ол кезде орыс 
ғалымдары мен миссионерлері арасында кең тара- 
лып, талай пікірлер де айтылғанын білеміз.
Ильминский Орынбор өлкесіндегі қазақтардың 
өмірі мен тұрмысын, әдет-ғұрыптарын жақсы білген. 
Әсіресе, олардың мұсылман дініне деген қатына- 
сына үңіле қарап, жоғарыда айтылған ерекшелікте- 
рін жақсы таныған. Орынбор қазақтары туралы 
публицист А. Солнцев те өзінің «Из религиозно- 
нравственной жизни киргизов Букеевской орды» 
деген мақаласында: «...равнодушное отношение кир- 
гизов к закону Магомета дает возможность заклю- 
чить, что ислам не проник еще в орду, так сказать, 
до мозга костей и что Киргизская орда с этой стороны 
может быть самою благородную почвою трудов рус- 
ских миссионеров» («Астраханские Епархиальные 
Ведомости», 1890, №8, 11), - деп көрсеткен таны- 
мына Ильминский Орынборда жүрген кезінде-ақ көзі 
жетіп, қазақ даласына біржолата бет бұрған болатын- 
ды. Осы себепті 1861 жылы ең жақын досы П. С. Са- 
вельевке жазған хатында: «Мен сізге бар сырым- 
ды айтайын, татарларды бұрынғыдай ерекше жақсы 
көруімді қоя бастадым, енді менің жүрегім түгелдей 
қазақтарға берілді. Бұдан былай менің құбылам 
Қазанға қарамай, тіке Орал өңіріне ауады» (Кітапта:


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
В. Н. Вытебский «Ильминский», Казань, 1892, С. 8), -
деуінде, оның тупкі мақсатына жетудің жолын танып 
бұрылуында да астарлы үлкен сыр жатыр.
Ресей империясы отарлаған түрік халықтары- 
ның ішінде саны жағынан да, жері жағынан да 
басым жатқан қазақ елін идеологиялық жағынан 
игеріп алудың келешекте аса зор мәні барлығын, 
әрі халықты рухани жағынан құлдыққа түсірудің зор 
саяси маңызын білген Ильминский бұл өлкедегі 
ағарту мәселесін миссионерлік мүдде тұрғысынан 
пайдалануға жан сала кірісті. Бұл үшін алдымен 
қазақтарды татарлардың рухани әсерінен ажыра- 
тып, бөлектеп, араб графикасы негізіндегі жазуын 
орыс алфавитіне ауыстыру арқылы да екі араны 
ажырата оқшаулау - шешуші кілт деп білді.
Осы ойдың төркінін жете танып білген Ахмет 
Байтұрсынов: « Қ а з а қ -д ін і шынығып жетпеген, шала 
мұсылман халық. Мұны мұсылман дінінен христиан 
дініне аударып жіберу оңай», - деген пікірмен, патша 
өкіметі қазақ пен ноғай арасына жік салып, екеуін 
айырғысы келді. Ол үшін қазақ байлары ноғайша 
оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізілді. 
Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың 
жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін 
қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен 
басады. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, 
екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті 
арқылы 
Еуропа 
ж ұрттары ның 
әдебиеттерімен 
танысады» (Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. 
Өлеңцер, аудармалар, зерттеулер, Алматы, 1989, 
262-6.), - деп, оқырманды көп нәрсенің сырына көз 
жеткізіп, хабардар етеді.


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет