Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет37/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
де миссионерлік мақсат түрғысынан жазылды. Ол 
жергілікті рухани ғұламалармен көп әңгімелесіп
исламияттың мәні мен тарихынан көп мағлұмат 
деректер көзін табады.
Остроумов жазған: «Историческое и современ- 
ное значение христианского миссионерства среди 
мусульман» (Казань, 1894), «Колебания во взглядах 
на образование туземцев в Туркестанском крае» 
(Ташкент, 1910), «Исламоведение» (Ташкент, 1912), 
«Отчет Туркестанской семинарии за 25 лет ее суще- 
ствования» (Ташкент, 1900), «Аравия и корань» 
(Казань, 1899), «Сарты» (Ташкент, 1908), «Спо- 
собны ли кочевые народы Азии к усвоению хрис- 
тианской веры и христианской культуры» (Таш- 
кент, 1895), «Введение в курс исламоведения» 
(Ташкент, 1914) т.б. еңбектерде автордың басты 
идеялық бағдары мен миссионерлік жолдағы күрес 
жолы толық көрінісін тапқан. Остроумов бұратана 
халықтарды орыстандырудың ең басты құралы мек- 
теп пен ағарту жұмысына саятынын жақсы білген. 
Ол қазақтарды Ресеймен дін жағымен біріктіріп, 
мектеп арқылы орыстандырудан басқа балама жол 
жоқ деп қараған. Отаршылдар тарапынан жүргізі- 
летін культрегерлік саясатты ң астарлы сырын 
ұғынған қазақтар күндердің күнінде саяси жағынан 
қауіпті күшке айналады деп көрсетті. Басқа миссио- 
нер ғалымдар сияқты Остроумов та қазақтардың 
арабша жазуын міндетті түрде орыс алфавиті 
негізіндегі жазуға алмастыруға, соны орнықтыруға 
ерекше шешуші мән берді. Осындай бүркемелі 
культрегерлік айла арқылы діни фанатизмнен 
аулақ, рухани жағынан таза сақталған қазақ халқын


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
77
мұсылман әлемінің ықпалынан, әсіресе татарлар 
мен 
Орта Азиялықтардың рухани-теологиялық 
әсерінен қол үздіре аламыз деген қорытындыға 
келуі себепті: «...задача - сближение туземцев с рус- 
ским государством и русским народом, велась при 
посредстве русской транскрипции, в основание кото- 
рой был положен русский алфавит без всяких изме- 
н е н и й » ,-д е п Петербург университеті ұсынып, ресми 
түрде үкімет тарапынан қолдау тапқан принципті 
ұстанғаны байқалып-ақ тұр.
Бұл айтылған танымдық мәні бар мәселе 
Түркістан оқытушылар семинариясының жергілікті 
халықтарды орыстандыру жолындағы басты міндеті 
болса, екінші елеулі міндет қазақтарды шоқындыру 
арқылы орыстармен біріктіріп, сіңіру екенін жасыр- 
майды, ашық айтады. Бұл іспеттес саяси мақсат 
проф. Остроумовтың өмір бойы ұстанып, толассыз 
жүзеге асыруға тырысқан дүниетанымының іргелі 
негізі болатын-ды.
Мұхтар Әуезов 1951 жылы басылым көрген 
«Ақын аға» романыңда Абаймен сұхбаттасқан жан- 
даралдың аузынан: «...зор миссионер Алекторов- 
ты айтты», - деп бұл миссионер ағартушы ғалымға 
ерекше мән бере қарауының белгілі бір себебі де 
бар еді. Егер де сыр бүгіп жатқан тарих қойнауларын 
аралап, қатпарларын ашып, сын көзімен сүзе қарар 
болсақ, мұның да құпиясын ашып, мән-мағынасын, 
саяси астарын түсінуге болады.
Қазақ әдебиеті тарихындағы кейбір мақала, зерт- 
теу еңбектерде А. Е. Апекторовтың дүниетанымы 
мен таптық позициясына сын көзімен қарамай, 
біржақты мадақталып, қазақ елінің ең зор қамқор-


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет