Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет33/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
мектептің оқытушысы Ф. Д. Соколов өзінің 1889 
жылғы 23 қыркүйектегі естелігінде: «...Оның Троицк 
м олдалары ны ң 
ы қпалы на 
түскен 
Н иколайлы қ 
қазақтар арасында жаулары да болды. Олар «оны 
орыстарға ерекше ілтипатпен қарағаны» үшін қазақ 
балаларын шоқындыруға қызмет етеді деп жек 
көрген», - дейді. Ы. Алтынсариннің үкімет ашқан 
оры с-қазақ аралас мектебін 
қазақ балаларын 
шоқындыру үшін емес, оларға еуропалық білім беру 
үшін пайдалану мақсатын олар, әрине, жете танып 
біле бермеген.
Ильминский Ресей империясының орыстандыру 
саясатын қазақ арасында қазақтардың өз қолымен 
жүзеге асыру саяси жағынан әлдеқайда сенімді 
болады деп білгендіктен, Ыбырай Алтынсаринді осы 
іске пайдалануды көздеген. Осы себепті Ильмин- 
ский 1869 жылы Ағарту министріне жазған хатында: 
«...Алтынсарин... қазақтардың ортасында өзі мектеп 
ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс 
елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ашқан 
болса... оны орыс бастықтарының талабы деп халық 
ойламайтын түрде жүргізсе... ең әуелі жаңа идея 
Алтынсариндікі болады» (Қазан мүрағаты, 968-қор,
1-тізім, 16-іс, 1-2-беттер), - д е п өз мақсатының басты 
да өзекті желісін ашып беріп отыр. Яғни мұнда орыс 
алфавиті негізінде қазақ жазуын жасаушы Аптынса- 
рин еді деп көрсетіп, халықты осы идеяға сендіруді 
көздеген. Ап қазақ әдебиетшілері, тіпті, осы күнге 
дейін «жаңа идея Аптынсариндікі» деп жазып, наси- 
хаттап келуі аса нәзік астарлы мәселеге сын көзімен 
қарай бермегенін аңғартады.
И льм инскийдің екінші 
мақсаты, 
қазақтарды


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
татар діншілдөрінің ықпалынан ажыратып, бөлектеп 
үстаудағы басты құралы - қазақтың ғасырлар 
бойы қолданып келген жазуын орыс алфавитімен 
ауыстыруға келіп тірелді. Осы мақсат тұрғысынан 
келіп Ильминскийдің миссионерлік әрекетіндегі: 
«...орыстың басты радикалды құралы - қазақ тіліне 
орыс алфавитін енгізу. Қазақтар орыс алфавитімен 
жазып отырғанда, ол қазақтарды өзінің шырма- 
уынан шығармай, өзіне тарта береді... Бұл ойды 
орыс шенеунігі жүргізуі тіптен келіспейді», - деген 
ой тұжырымы көп нәрсенің астарлы сырын ашып 
беріп отыр. Яғни идеологиялық мәселенің өзінде 
де басқаның қолымен от көсеу арқылы әрекет 
ететін ысқаяқ отаршылдықтың жымысқы тәсілін 
сездіріп отыр деген сез. Ильминскийдің отаршыл 
үкіметтің миссионерлік жолдағы кездеген идеясын 
Ы. Алтынсариндікі деп таңуға шешуші мән берген- 
дігі керініп тұр. Әрі бұл астарлы пікір жоғарыда 
атап көрсетілген Ресей империясы ны ң Ағарту 
министрлігінің ете құпия нұсқауында айтылған ой- 
пікірмен де өзекті байланыста тұр десе болғандай.
Батыс 
Сібір 
генерал-губернаторы ны ң 
1876 
жылы Ішкі істер министріне жазған жолдамасында: 
«...Торғай облысының халық мектебінің инспекто- 
ры Аптынсарин езі орыс алфавитін қолданып жазып 
қазақтардың халық өлеңінің тексін маған әкеп тап- 
сырды... біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын 
жасауымыз керек... бұл жұмыс Ильминскийге тап- 
сырылды», - деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс 
алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский, оны 
тәжірибеде алғаш рет қолданып байқаушы Ыбырай 
екені ашық айтылған,


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет