Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
71
нан туған миссионерлік идеяға қарсы пікірін ашық
білдіре бермейді, бірақ белгілі дәрежеде,
жана-
ма түрде болса да сездіреді. Мысалы, «Шариат-
уль ислам» деп аталатын кітабын арабша жазумен
жариялауға Ильминский үзілді-кесілді қарсы болып
қасарысқан түста, діни мазмұндағы кітапты орыс
алфавитімен жариялап, қазақтарды теріс қаратып
алмау үшін ілтипат сақтау керектігін көлденең тар-
тып, өз ойын жүзеге асыруын көреміз.
Ыбырай Алтынсарин отаршыл үкіметтің бұратана
халықтарды шоқындыру
арқылы орыстандыру сая-
сатын танып білген, бұл салада жүргізіліп отырған
кертартпа шаралардан мол хабардар болғанға
ұқсайды. Өйткені бұл мәселе жөнінде - үкіметтің XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласын
зорлық пен күшке салып жасанды түрде орыстан-
дыру саясатына қарсылығын жанама түрде болса
да, ишарамен айтатын тұсы да бар. Ол өз ойын:
«...искусственное сближение
народов России до сих
пор не приводило еще к особо успешным резуль-
татом, как это мы видим на живых примерах татар,
башкир и прочих инородцев...
Поэтому не лучше ли сближение русских с каза-
хами предоставить естественному ходу дел», -
деп халықтарды жақындастырудың табиғи жол-
мен жүргізілуін жақтайтын пікірі көп нәрсенің астар-
лы сырын аңғартып, өзінің іштей бұл аса күрделі
мәселеге қарсылығын да сездіреді. Ы. Аптынса-
рин үлкен мемлекеттік саясат ретінде жүргізіліп
отырған миссионерлік
әрекетке бұдан артық пікір
білдіруі мүмкін де емес еді, өйткені «аузы қисық
болса да, байдың ұлы сөйлесін» дегендей, саяси-