Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет41/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
83
бәрі де ерекше мән бере қарап, тіпті, Еділ бойында- 
ғы қалмақтарды шоқындыру саясатында олардың 
қыздарына арнаулы мектеп ашуы да, қазақ дала- 
сында да қазақ қыздары үшін (Қарқаралыда) мектеп 
ашуы да көп нәрсенің астарлы түп төркіндері қайда 
жатқандығынан хабар береді.
Осы мақаласында Алекторов кедей-кепшіктерді 
шоқындыру мәселесіне сенімсіздікпен қарайды. Ол 
кедей адамдар шоқынғанда шын сеніммен шоқын 
бай, тек түрмыс мұқтажына байланысты шоқын- 
атынын дәл таныды.
Ахмет Байтұрсынов та ағартуш ылы қ жолда 
А. Е. Алекторовпен танысып, бірер жыл бірге 
қызмет атқарысады. Осы жылдары ол Алекторовтың 
сақтықпен сыртын бүркемелеп жүргізіп келе жатқан 
миссионерлік бағыт-бағдарының сырына қаныққан 
соң, одан сырт айнала бастаған. Бұл әрекеттің 
тарихын М. Әуезов 1923 жылы «Ақжол» газетінде 
жарияланған мақаласында да баса көрсеткен 
болатын-ды. Тіпті, қазақтардың арасында басқа 
бұратана халықтардың арасынан шыққандардың 
шоқындыру саясатына қызмет етіп, миссионерлер- 
ге көмектескен әрекетінің болғаны туралы Ахмет 
Байтұрсыновтың:
Кейбірі шен алмаққа,
Дінін шаншып қармаққа, -
деген өлең жолында айтылған пікірінің астарында 
әлі де біз біле бермейтін су асты ағымдардың бар 
екенін аңғарғандай боламыз.
Әсіресе, Алекторовтың бүкіл дүниетанымының 
өзекті тұстары мен айқын көріністерін ол Омбы 
қаласындағы оқу орындарында ұзақ жылдар бойы


84
Ел қалай орыстандырылды?
қызмет атқарып, зерттеу еңбектерін жазған түста 
аңғара түсеміз. Оның саяси бағыт-бағдары, әсіресе, 
Омбы дәуіріндегі кезеңдерде айқын ашыла түседі. 
1905 жылғы Ресейді дүр сілкіндірген революциялық 
жағдай түстарында немесе одан кейінгі реакцияның 
күш ейген 
кездерінде А лекторовты ң полицияда 
тыңшылық етіп, революциялық ниеттегі жастарды 
қуғындауға қызу ат салысуы, еркін ойлы жастар- 
ды гимназиядан аластау, қызметі үшін үкіметтен 
генерал-майор лауазымымен дәрежесі бірдей «дей- 
ствительный штатский советник» атағын алуы -
осының бәрі оның кім екенін анықтап тұр емес пе?
А лекторов 
1906 жылы 
Омбы 
қаласы 
оқу 
орындарындағы революцияшыл ниеттегі жастардың 
қарсылығын күшпен жаншу үшін, әскери қарулы 
күш шақыртып, зорлықпен қудырғаны туралы ресми 
құжаттардың Омбы мұрағатында сыр шертіп жатуы 
да көп нәрсенің сырын аңғартып тұр.
А л екторовты ң 
тікелей 
араласуы м ен 
1906 
жылғы 2 наурызда Омбы гимназиясының бүкіл 
шәкірттері оқудан қудаланып, озық ойлы жаңашыл 
оқытушы А. Д. Кван ұсталынып, қамалады. Сол 
күні гимназияның қабырғасына «Алекторовқа өлім 
келсін» деген ұранның ілінуі немесе Алекторовты 
өлтірмек болғанда, оның қашып құтылуының бәрі 
де оның кімнің жырын жырлап, мүддесін қорғаға- 
нын 
бұлталақсы з аша түседі. 
Осы 
айтылған 
оқиғаларды ң мазмұны сол тұсты ң либералдық 
бағыттағы «Иртыш» газетінде де (1906,23 шілде, №5) 
өз көрінісін тапқан. Газеттің сол жылғы 20 тамызда- 
ғы санында да қатты айыпталып, «академиялық 
салпаң құлақ» деген ат тағылады. Сатқындық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет