24
Ел қалай орыстандырылды?
мауды мақсат етіп қойды. Себебі татарлар қазақ
арасындағы мектеп,
медреселерде сабақ берді, дін
таратты, кеңсе жүмыстарын атқарды, тілмаш тық
қызмет ету істерінің бәрі де солардың қолында болды.
Екіншіден, қазақтар татарларға қарағанда ислам
дініне нанымы осалдау, оларда ескі тәңірлік наным
мен мүсылмандықты қосарлана пайдалану жағы
басым жатты. Яғни сырттай қарағанда мұсылман
болғанымен, өздерінің күнделікті
тұрмысында ата-
баба жолы мен әдет-ғұрпы, салт-сана дәстүрі басым
жатты. Қазақтардың осы қос дінділік ерекшелігін,
мұсылмандықтан алыстау жатқандығын, тіпті, Орта
Азиялық автор Рузбехан өзінің «Бұқара мейманы-
ны ңж азбасы » деген еңбегінде: «...қазақтар әлі күнге
дейін пұтқа табынады. О лардыңсадағат қайталағаны
түкке тұрғысыз. Сондықтан намаз оқығанына қара-
май қазақтарды кәпір деп таныған жөн.
Олар әлі
күнге дейін күнге табынады... Өздерінің жерінен
өткен мұсылмандарды мазақ қылады» (Прошлое
Казахстана в материалах и источниках. Алма-
Ата, 1935, С. 103-104), - деп жазып, қазақ елінің
мұсылмандық нанымға осалдығын арнайы түрде
көрсетуі, әрине, тарихи шындық еді.
Осы Рузбехан айтқан ерекш елікті патшаның
билеушілері мен миссионер ғалымдары ерте сезініп,
өз мақсаттары жолында пайдалану үшін
әрекет
ете бастады. Бұлай етуінің бір себебі олармен
шекаралас әрі туыстас таза шамандық нанымдағы
Сібір бұратаналарын тез арада зорлықпен право-
славие дініне енгізу жолындағы тәжірибелері де
болатын-ды. Ресей империясына қараған түрік тілді
халықтардың арасында сан жағынан басымы да, жер