Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет10/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
түпкілікті жүзеге асыруды миссионер-ғалым Иль- 
минский қолға алды. Осы күрес үстінде ол кертарт- 
па ресми педагогиканың өкілі ретіндегі езі жасаған 
педагогикалық миссионерлік жүйесін татарларға 
енгізді. Ильминскийге дейін-ақ, 1802 жылы, қарулы 
күшпен шоқындырылған он мыңдаған татарлар пра- 
вославие дінінен бас тартып, өз дініне қайта баста- 
ды. Ал 1803 жылы Святой синод татарларды қайта 
шоқындыруға бұйрық берді. Дағыстандықтарды
шоқындыруға шет ел миссионерлері келіп араласты. 
Ап Ильминский болса шет елдік миссионерлердің 
осы салада жүргізген жұмыстарының тәжірибесін 
үйреніп, үлгі алу үшін шет елдерге жіберілді. Өйткені 
бұл кезде патша үкіметінің дінге енгізу, орыстанды- 
ру саясатының әрекет өрісі көлемі жағынан кеңейіп, 
бүкіл Сібір, Кавказ, Волга бойы халықтарын тұтас 
қамтыды. Ендігі әрекет өрісінің ауқымында алды- 
мен қазақтар, артынша Орта Азиялық халықтар 
тұрды. Бірақ бұл өлкенің өзіндік ерекшелігіне орай 
орыстандыру, шоқындыру үрдісі жағдайды, уақытты, 
халы қты ң 
діни 
наным 
мен 
салт-дәстүріндегі 
ерекшелігін ескере отырып жүргізілді.
Әсіресе, миссионер ғалымдар алдымен қазақ 
елінің рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын, 
психологиясын, мінез-құлқын, салт-сана дәстүрінің 
ерекшелігін, билеу жүйесін, яғни өздеріне қажет 
буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап зерт- 
теу арқылы миссионерлік саясатының стратегиялық 
негіздері мен тактикалық әдістерін, мақсаттарын 
анықтап отырды.
Миссионерлер алдымен қазақтарды татарлар- 
дың рухани әсерінен белектеп ұстауды, араластыр-


24
Ел қалай орыстандырылды?
мауды мақсат етіп қойды. Себебі татарлар қазақ 
арасындағы мектеп, медреселерде сабақ берді, дін 
таратты, кеңсе жүмыстарын атқарды, тілмаш тық 
қызмет ету істерінің бәрі де солардың қолында болды. 
Екіншіден, қазақтар татарларға қарағанда ислам 
дініне нанымы осалдау, оларда ескі тәңірлік наным 
мен мүсылмандықты қосарлана пайдалану жағы 
басым жатты. Яғни сырттай қарағанда мұсылман 
болғанымен, өздерінің күнделікті тұрмысында ата- 
баба жолы мен әдет-ғұрпы, салт-сана дәстүрі басым 
жатты. Қазақтардың осы қос дінділік ерекшелігін, 
мұсылмандықтан алыстау жатқандығын, тіпті, Орта 
Азиялық автор Рузбехан өзінің «Бұқара мейманы- 
ны ңж азбасы » деген еңбегінде: «...қазақтар әлі күнге 
дейін пұтқа табынады. О лардыңсадағат қайталағаны 
түкке тұрғысыз. Сондықтан намаз оқығанына қара- 
май қазақтарды кәпір деп таныған жөн. Олар әлі 
күнге дейін күнге табынады... Өздерінің жерінен 
өткен мұсылмандарды мазақ қылады» (Прошлое 
Казахстана в материалах и источниках. Алма- 
Ата, 1935, С. 103-104), - деп жазып, қазақ елінің 
мұсылмандық нанымға осалдығын арнайы түрде 
көрсетуі, әрине, тарихи шындық еді.
Осы Рузбехан айтқан ерекш елікті патшаның 
билеушілері мен миссионер ғалымдары ерте сезініп, 
өз мақсаттары жолында пайдалану үшін әрекет 
ете бастады. Бұлай етуінің бір себебі олармен 
шекаралас әрі туыстас таза шамандық нанымдағы 
Сібір бұратаналарын тез арада зорлықпен право- 
славие дініне енгізу жолындағы тәжірибелері де 
болатын-ды. Ресей империясына қараған түрік тілді 
халықтардың арасында сан жағынан басымы да, жер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет