18
Ел қалай орыстандырылды?
берер кемеңгер жазушының жеке басқа табынудың
қылышынан қан тамған тұсындағы терең танымына,
саналы түрдегі азаматтық батылдығына таңданбасқа
да болмайды.
Жазушы түпнүсқа мен «Ақын аға» романының
«Қоршауда» («Қияда»)
тарауыңда өз ой-пікіріне,
ой-танымына автоцензура тәсілін нақтылы түрде
қолданбаса да, айтар ойына қарауыл қойып, сақтана
суреттеген жағын да еске алмасқа болмайды.
Уақыт ызғары солай етпесіне ырық бермейтінін
жазушы жақсы түсінген.
Болмаса ұзақ жылдар
бойы өзі көзімен көріп, күнделікті өмір ағысында
бетпе-бет кездесіп,
әрі ұстаз тұтқан ағаларының
(А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.)
зерттеу мақалалары мен көркем туындыларында
біршама
желі тартып, анықталып қалған шындық
жайлы қай тұрғысынан болса да ағылтып-ағылтып
алуына терең танымды ой қуаты мен шеберлік
өнері де жетерліктей еді.
Қолжазбасының алғашқы
түпнұсқасыңда автор мемлекеттік тұрғыдан алға
қойылған миссионерлік саясаттың идеологтарын
бас-басына атап көрсетуінде көптен қордаланған,
танып-білген ой төркіндерінің
арналы желісінің
езекті де буынды тұстарын ғана ишаралап жеткізуді
көздегені даярлығы бар сергек оқушыға сезіліп-
ақ тұрады. Бұны аңғару үшін белгілі миссионер
ғалымдар туралы бұрын-соңды
жазылған еңбектер
мен архив қазынасында қозғалмай жатқан деректі
мағлұматтарға назар аударсақ, ол ғалымдар тура-
лы қазіргі қазақ әдебиеті
тарихында беріліп келе
жатқан атүсті, зерттелмей, көз жеткізбей айтылған
жалаң
мақтау
сөздердің,
жалған
бағалардың