Баскетбол
Ойынның технико-тактикалық негіздерін бекіту. Допты алып жүру және колцоға лақтыру, допты қозғалыста беру, штрафтық лақтыру техникасын бекіту. Орнында және қозғалыста допты иелену. Допсыз доппен ойыншының өзара іс қимылы.
Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол камандалық спорттық ойын, оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған. Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.
Сонымен қатар 1603 ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818 жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891 ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қоданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке-жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.
Допты қағып алу — доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.
Түзу сызық бойымен жүгіргенде, сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да жүгіруді жалғастырады. Мұндай қадамды алдын ала дайындаған дұрыс болады.
Допты саусақпен итерілгеннен кейін, екі кең қадамды қатарынан жасалынады. Жоғарыдан төменнен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай жоғары төмен созылуы керек. Троектория бойынша доппен амартизация қимылдары жасалады .
Қарсыласкомандаларының негізгі мақсаты: орын алмастырулар, әперулер айла қимыл сериалары арқылы ойыншылардың бірін лақтыруға ыңғайлы жерге шығарыпқарсылас торына допты дәл түсіріп ойнау.
Допты торға лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептепқол, дене, аяқ қимылдарын сәйкес келүі талапетіледі. Кеүдеден екіқолдап лақтыру түйін тәрізді жалпы беруден кейін допты шапшаң жүмсақ лақтыра отырып қажеттітраеокториябойынша торға түсіру.
Екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғарыұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға қарай бағытталады. Лақтырудың бұл түрін секіріп жасағанда айрықша тиымды себебі, доптың жоғары болуы оның ұшып бара жатқанда ұстап алуды қиындатады. Иықтан бір қолмен лақтырғанда дайындық қимылдарымен аяқпен жұмыс Істру сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас.
Бастан бір қолмен лақтырғанда орындауда доп қолдың бірінің саусақтарын ұстап тұрады. Бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолмен лақтырғанмен бірдей.
Секіріп лақтыру — қазіргі заманға баскетболданмаңызды және тәсілдік жағынан ең ауыр түрі. Мұны секіруді лақтырумен үйлестіру керек. Лақтыруда бастапқы қалыпты қабылдаудың екі амалы бар.
Ойыншы допты жоғарыдан лақтыру үшін бірден оны бастапқы қалыпқа әкеледі, сосын итеріле секіріп ең жоғары нүктеге допты нысанаға қарай жібереді.
Ойыншы допты қағып алып бірден жоғары қарай секіреді де қолды сілтеп допты бастапқы қалыпта әкеледі. Сосын лақтыруды орындайды.
Мұны мынадай жаттығулар арқылы орындауға болады:
Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау.
Дәл осыны тек қолына допты ұстап жасау.
Допты алаңға ұрып жіберіп алға бір қадам жасап алып оны ұстап алып аяғын бүгіп бастапқы қалыпқа келу .
Жақын қашықтықтан лақтыру, секіру арқылы жасалады. Бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да екінші қадам жасапитеріле секіреді. Жоғары ұшып бара жатып секіруші аяқпен алға — жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуіш аяққа қарай түсіреді. Секіргенсәтте допты қолмен шығара көтеріп ең жоғарғы нүктеде лақтыруды орындайды. Қозғала жүгіріп доп лақтырудан мынандай жаттығулар арқылы орындауға болады.
Жаттықтырушы допты қолын алға созып ұстап, ойын лақтыру сызығында тұрады. Айналысушы қалқанға жүгіріпкеліп бір қадам жасап допты жаттықтырушыныңқолын сүріп, сосын тағы бір қадам жасап лақтыруды орындайды.
Дәл осы кезде жаттығушы айналысушы допқа ие болар сәтінде оны жай ғана вертикаль күйде лақтырады. Бұл допты қолданалмай қағып алу үшін жасалынады.
Дәл осы, лақтыру қарсыкеле жатқансеріктіңәперуі арқылы жасалады.
Баскетболшы қолданыстың мынадай түрлерін қолданады , кәдімгі жүріс, жүгіру , қосалқа қадамдап айналулар мен бұрылулар. Әрбір амал допты әперу және басқа қолданыстар үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында лайықты жағайларға қолдануы. Көбінесе қозғалыс жылдамдылығын шапшаң ауыстыру бір қолданыстан екіншісіне күрт ауысулар қолданылады сондықтанда шұғылданушылар үнемі жағдай талап ететін қандайда болса тәсілдерді орындауға дайын болатындай күйде болулары керек.
Жүгіруді жетілдіре отырып баскеболшы алдымен де артымен де бағытты, жылдамдықты өзгерте отырып , сонымен бірге шапшаң жүгіре алуы керек екендігін есте сақтау қажет, осы мақсатта төмендегідей жаттығуларды үнемі қолданған жөн.
Түзү сызық бойымен аяқты өкшеден ұшына қарай сырғанай отырып жүгіру, және оны жұмсақ еркін болуына үнемі бойлап отыру .
Бір орында тұрып жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу.
Спорттық ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге, ден саулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады.