Байланысты: Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т.б. жатады.
Жоғары мектеп педагогикасының объектісі – жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б. жатады.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез-келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Сонымен заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын және біршама тиянақты байланысы.
Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады.
Диалектика дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол – табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс.
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді терістеу.
Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.