Бұл пәннің артықшылығы: бала тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім алушылары биология, экология, география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
3) 3- сыныпта – аптасына 2 сағат оқу жылына – 68 сағатты құрайды.
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі бөлімі мынадай екі нәрсеге көңіл аударады.
Зерттеу жүргізу дағдылары
Біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәні биология, химия, физика саласына әрі қарай дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |